Депутат: Мектеп оқулықтары қымбаттап жатыр

Депутат: Мектеп оқулықтары қымбаттап жатыр

Депутат: Мектеп оқулықтары қымбаттап жатыр
ашық дереккөзі
486
Қазақстанда мектеп оқулықтары қымбаттап жатыр. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған сауалында депутат Ирина Смирнова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2016 жылы оқу, анықтамалық, мектеп әдебиеттері сатып алушыға шамамен бір данасына 1 000 теңгені құрады. Бір жылдың ішінде осы әдебиеттер 20 пайызға, ал Оралда 52 пайызға өскені байқалуда. Жаңа оқу жылы мектеп кітаптары мен оқу әдебиеттері құны бойынша рекорд орнатуы мүмкін», - деп тоқталды Смирнова. Осы орайда ол 2 сыныптың кейбір оқулықтары бағасын мысалға келтірді. «Музыка» пәнінің оқулығы 1 мың теңге, «Нота хрестоматиясы» -2 мың, музыка бойынша жұмыс дәптері 350 теңге тұрады. Жалпы осы жиынтық 3 350 теңгеге тең келіп отыр. «Орыс тілі және әдебиеті» -3 900 теңгеге, жұмыс дәптері -1 000 теңгеге бағаланып, жалпы 4 900 теңгені құрады. Бұдан бөлек, «Математика» - 3 400 теңге, жұмыс дәптері - 1 000 теңгені қамтып, жинақтық жалпы құны 4 400 теңгеге жетті. Депутаттың пайымынша, баспаның прайс-парақшасында көрсетілген бағаға қарағанда, бөлшек баға жоғары болады. Сөз соңында ол оқулықтарды басып шығару мен бағаны қалыптастыру үдерісін барынша ашық әрі түсінікті ету қажеттігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары