Қазақстандық "I am a singer" жобасы басталды

Қазақстандық "I am a singer" жобасы басталды

Қазақстандық "I am a singer" жобасы басталды
ашық дереккөзі
Бұл туралы Бағдат Қожахметов Facebook-тегі парақшасында былай деп жазды. "Сүйінші достар, биылғы ең ғаламат музыкалық шоу ресми түрде басталды". "31 арна" Қазақстандағы "I am a singer" жобасының кастингін ашық деп жариялады. Жақында телеарна сайтында немесе singer.31.kz қатысушылар толтыратын анкета қойылады. Жобаға кәсіби музыканттар, әншілер мен топтар ғана қатыса алады. Түрлі деңгейдегі жұлдыздар ғана шоуға қатыса алады. Соңғы шешім тамызда қабылданады. Жұлдыздарды іріктекді телеарна қызметкерлері Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан, Қытай және Грузияда бастап кетті. Шоу 31 арнада қыркүйек айынан бастап көрсетіледі. Жаңа жылда ақтық сын болып, финал көрсетілетін болады. Ал шоудың қытайлық нұсқасы 2018 жылдың қаңтар айында Хунан арнасынан көрсетілетін болады.