242
Қырғызстанда 1 жарым миллион адам таза ауыз суға зәру
Қырғызстанда 1 жарым миллион адам таза ауыз суға зәру
Қырғызстанда 1 жарым миллион адамның таза ауыз суға қолы жетпей отыр.
Қыртагтың хабарлауынша, Қырғызстанда 1,5 миллион адам таза ауыз суға қолы жетпей отыр.
Таза ауыз су ауадай қажет өңірлер – Жалал абад, Ош және Баткен облыстарының тұрғындары. Су тарту жүйесінің 80 пайызға жуығы 70 жылдардың соңында қойылған. Олардың жұмыс істеу мерзімі аяқталды. 657 ауылда су тарту жүйесін қайтадан тарту қажет, 595 ауылда жүйені қайта жөндеу керек. Жалпы, 2 миллион тұрғыны бар 1252 ауылда қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.
WECF (Women Engage for a Common Future) санитария және су ауыз су бағдарламасының маманы Клаудии Винлендтің айтуынша, Қырғызстан табиғи ауыз суға өте бай. Бірақ мәселе оның ішуге жарамды-жарамсыздығында дейді. Көптеген елді мекеннің тұрғындары арықтағы суды ішіп отыр. Жыл сайын 30 мыңға жуық ішек аурулары тіркеледі, оған жыл сайын 4 миллиард сом ақша жұмсалады екен.