183
Алматыда тағы бір үй қисайды
Алматыда тағы бір үй қисайды
Алматыда тағы бір үй қисайып қалды. Түрксіб ауданының тұрғындары осылай деп шу көтерді. Айтуларынша, осыдан бірнеше жыл бұрын үйдің сылақтары жарылып кеткен көрінеді. Бірақ бұл жолы ол екі еселене түсіпті. Чернышевского көшесінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйдің иелері тиісті мамандар тексеру жүргізгенін қалайды, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Бұл осыдан 10 жыл бұрын Түрксіб ауданында мемлекеттік бағдарламамен берілген көп қабатты тұрғын үй. Халықтың басым бөлігі пәтерлерін ұзақ жылдар бойы күтіп, қол жеткізгенде шын қуанған. Бірақ соңғы күндері оларды үйдің сапасы алаңдатып жүр. Айтуларынша, баспананың іргетасы біршама биіктікке көтеріліп, құлағалы тұр. Ал 2 жылдан бері қабырға түскен сызаттың көлемі үлкейіп кеткен. Оны пәтер иелері кооперативі уақытша желіммен жабыстырып қойған. Бірнеше күн бұрын аудандық әкімдік келіп үйдің маңын қоршап кеткен. Содан бәрі халықта тыныштық жоқ.
«Үй іргетасынан төмен түсіп кетті деп ойлаймыз. Бұл тек бір үйдің ғана емес, қасындағы көршілерге де қауіпті. Пәтер иелері кооперативіне жағдайды қанша жылдан бері айтып келеміз. Құлақ аспайды»,- деді Қала тұрғыны, Ирина ЛЕДОВСКИХ.
«Бір-екі ай бұрын осында бастықтар келген «Алматытұрғынүйден». Мен жетектеп апарып, қолыммен көрсеттім. Міне мынау құлайын деп тұр. Үйдің арты бір кішкентай кусок құлайын деп нетіп тұр деп. Ал фундаментті елдер келіп айтады. Мынау фундаменті қисайып тұр. Үй орнынан қозғалған дейді»,- деді Қала тұрғыны, Рашида ҰЙХЫМБАЕВА.
Ал үйді салған құрылыс компаниясы кезінде барлық техникалық регламентке сай өткізгендіктерін айтады. Ал шытынаулар қабырғаны жылылаған кезден кейін пайда болған. Үйдің іргетасы берік, қозғалуы мүмкін емес дегенді айтады. Сондықтан, тұрғындарға алаңдауға еш негіз жоқ деп отыр.
«Үйдің өзі тұр. Ешқайда кеткен жоқ. Тек қаптаған несі утиплитель дейміз орысша соны қайта орнына салып береміз. Причинасын табамыз. Келтірмейді. Ешқандай неге келтірмейді. Потому что наружный стена. Стена бетонная. Монолитное. Оның прочно тұр. Ешқайда кетпейді. Фундамент орнында»,- деді Құрылыс компаниясының өкілі, Мақсұт ҚАЖЫҒАЛИ.
Түрксіб ауданындағы үйді салғандар олқылықтың орнын 2 күнде ретке келтіріп, халықтың қаупін сейілтпек. Кеткен шығынды да өз мойындарына алады.