Өрт сөндірушілер төтенше жағдайда неге дәрменсіз?

Сәуір айының соңында Алматыдағы «Адем» сауда орталығы отқа оранды. Сауда орталығын түгел шарпыған тілсіз жау мыңдаған саудагерді нәпақасынан айырды. Түнде басталған өртті ауыздықтау үшін келген құтқарушылар қызыл жалынмен таңға дейін арпалысқан. Құтқарушылар келгенге дейін-ақ қатты күш алған қызыл жалын сауда орталығының 25 мың шаршы метр аумағын шарпып үлгерген екен. Ал құтқарушылар сауда орнында өртке қарсы дабыл қондырғылары істен шыққандықтан, ақпаратты кеш алғандықтарын айтады. Оның үстіне, желдің қатты соғуы өртті сөндіруге кедергі келтірген көрінеді. Биылғы жылдың өзінде «Адем» сауда орталығындағы өртке дейін де құтқарушылар талай рет тілсіз жаумен күресті.

Өрт құшағында қалған сауда орындары

Тыныш жатқан тұрғындардың мазасын қашырған «Адем» сауда орталығындағы өрт 26 сәуірден 27 сәуірге қараған түнде басталған. Кешкі уақытта үйлеріне тараған саудагерлер жағдайды естіген соң, өрт сөндірушілермен бірге сауда орталығына жеткен. Өртті сөндіруге барлығы 400-ге жуық өрт сөндіруші жиналыпты. Алайда тілсіз жауды ауыздықтау құтқарушыларға мүмкін болмады. Өрт сөндірушілер қызыл жалын­мен таңға дейін арпалысты. Ал отқа оранған сауда орталығының ішінде миллиондаған теңгенің тауары сауда­герлердің көз алдында күлге айналды.

Өртті жылдам ауыздықтауға күш­тері жетпеген Алматы қала­сын­дағы төтенше жағдайлар бойынша депар­­таменті сауда орталығында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталма­ған­дығын мәлім етті. Төтенше жағдай­лар қызметінің айтуынша, «Адем» сауда орталығында 2012 жылы өрт қауіпсіздігіне қатысты 11 талаптың бұзылғаны анықталған. Ал кейінірек бұл орталық мораторийге байланысты қайта тексеруден өткізілмеген. Қызыл жалынның құшағында қалған «Адем» сауда орталығына Жетісу ауданының әкімі Қайрат Разақов келген. Оқиға орнында түстен кейін төбе көрсеткен әкім ашуға булыққан саудагерлерді сабырға шақыруға тырысып бақты. Әкімнің айтуы бойынша, сауда орталығындағы өртке байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Адемдегі» тілсіз жауға қатысы бар, кінәлі жандар табылса, барлық шығынды да солардың өтейтіндігін атап өтті. Күнделікті табысынан айрылған кәсіпкерлерді әкім мырзаның бұл сөзі жұбата алмады. Сауда орталығында тағы да өрттің шығуы мүмкін деп қауіптенген саудагерлерге Қайрат Разақов мырза: «Бұл жерде түнімен кезекшілер, өрт сөндірушілер тұрады. Бәрін бақылауда ұстайды», – деп түсіндірді. Иә, сауда орнындағы өрттің енді қайта орын алмасына ешкім де кепілдік бере қоймас. Соңғы бірнеше жылдың көлемінде Алматыдағы сауда нүктелері жиі отқа орана бастады. Ал мұның себебін бүгінгі күнге дейін ешкім де нақты айтып бере алған жоқ. Бүгінге дейін Алматыдағы «Құлагер», «Ялян», «Никольский» базарынан, Орталық көтерме базардан да өрт шықты. Ал мамандар мұның себебін базарлардағы бутик иелерінің электр тогының қауіпсіздігіне мән бермейтіндігімен байланыстырып келген. Енді қатардағы қара базарларға қарағанда заманауи жабдықтармен қамтылған «Адем» сауда орталығының отқа орануын мамандар қалай түсіндірер екен?

Көпшілік «Барахолка» атап кет­кен қара базарда болған өрт әлі де алматылықтардың есінде. 2013 жыл­дың соңына қарай «Аян», «Керемет», «Олжа», «Алатау» көтерме сауда базарларында өрт шығып, талай саудагер табысынан қағылды. Одан кейін қызыл өрттің әлегі «Құлагер» базарына жетті. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары аталмыш өрттің 5400 шаршы метр аумақты қамтығанын айтқан болатын. «Аян», «Керемет», «Олжа» базарлары түгел жанып, ал «Алатау» базары жартылай отқа оранған бұл оқиғаға 1518 адам, 142 техника жұмылдырылған. Бірақ қызыл жалынды осынша адам тек 7 сағатта ғана ауыздықтаған еді. Ал «Адемдегі» алапат өртті сөндіруге жел кедергі болды деген сылтау айтылуда. «Барахолка» базарындағы тілсіз жауды жылдам ауыздықтауға не кедергі болды? Бұл сауалға сол кезде Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Гүлшат Дәуренбекова: «Өрт жай басталғанымен, Алматы базарларында адамдар жүретін жол тар және қатты қобалжу кезінде адамдар өздерінің тауарларын ала қашқан. Тауарларын жолға тастап та кеткен. Үлкен-үлкен қорап болғаннан кейін кедергілерін тигізді, әрине. Сондықтан да, өрттің жылдам өршуіне себеп болды», – деп жауап берген. Саудагерлердің тауарларын жалыннан арашалап қалуға тырысқан әрекеттерін түсінуге болады. Алайда олардың бұл әрекеті жалынның өршуіне әсер еткен жалғыз себеп емес шығар.

«Өртті кеш сөндіруге «Барахол­кадағы» бейберекеттік себеп болды». Кезінде ҚР Төтенше жағдай министрі Владимир Божко да осыны қайталады. «Біз бірнеше рет сот шешімімен базар жұмысын тоқтатқанымызбен, саудагерлер бас көтеріп, қала басшылығын базарды жаппауға мәжбүрледі. Енді міне, өздері өрт қауіпсіздігін сақтамады. Кептелістегі көліктерден өрт сөндіру техникасы діттеген жеріне жете де алмады, су да жоқ», – деп ашуланған еді Божко мырза. Тіпті, министр мырза Алматы барахолкасындағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауына байланыс­ты қылмыстық іс қозғалатынын да жеткізген. Ал базардағы саудагерлер оқиға орнына бірінші болып жеткен өрт сөндіру техникасында су бол­мағандығын ашына айтқан. Өртті ауыздықтауға келгендердің сусыз келуі ойға сыймайтын-ақ жағдай.

Бұдан кейін «Барахолкада» өрт тағы да қайталанды. Араға бір-екі ай салып, «Құлагер» базары отқа оранды. Осыдан кейін «Барахолкадағы» өрттің әдейі ұйымдастырылуы мүмкін деген сөз тарады. Ал Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі тағы да бұл өрттің себебін өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан деп түсіндірді. 2013 жылдың 11 қазанында жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша 13 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзыл­ғандығы анықталыпты. Мүмкін, бұл шындық та болар. Қара базарда қауіпсіздік талабының дұрыс сақталмауы әбден ықтимал.

Ал Алматы қаласындағы Т.Жүрге­нов атындағы Қазақ ұлттық өнер акаде­миясының ғимаратынан шыққан өрт те 450 шаршы метр аумақты шарпыған болатын. Өнер академиясындағы өртті сөндіруге 10 негізгі техника, 12 арнайы техника жұмылдырылып, 70 маман атсалысты. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Нұрбек Қожахмет Өнер академиясы 2015 жылдың 26 қаңтарында аталған өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау бойынша тексеруден өткенін және сол тексерудің нәтижесінде ғимаратта өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмағанына байланысты шаруашылық істері бойынша проректорға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынғандығын мәлімдеген болатын. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясындағы өрттің тұтануына электр желілерінің қысқа тұйықталуы себеп болған деген қорытынды жасалған.

Биіктіктегі өртті сөндіру оңай емес

Қазір әлемнің барлық елдерінде биік ғимараттар көптеп бой көтеруде. Ал мұндай биік ғимараттарда өрт қауіпсіздігін сақтау және тілсіз жаумен күресу оңай шаруа емес екені белгілі. Биік ғимараттан шыққан өрттің бір мысалы – Мәскеудегі «Ресей» қонақ үйінің отқа орануы. 1977 жылдың 25 ақпанында орын алған төтенше жағдайдан 42 адам қаза тауып, 52 адам зардап шеккен.

Лондондағы ең биік саналатын «Шард» ғимаратында өрт шықты. Оқиға орнына дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер ғимараттағы адамдарды қауіпсіз жерге шығарған. Батыс Еуропадағы ең биік «Шард» ғимаратының биіктігі 306 метрді құрайды. Биік ғимараттағы өрт Нью-Йорктің Манхэттен ауданында да орын алды. Мұнда 42 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, бір адам қаза тапқан болатын. Өрт ғимараттың 20-шы қабатындағы пәтерден шыққан. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер күйік шалған екі адамды құтқарған. Көк түтін бірнеше пәтерге жайылған. Ал оқиға орнына тілсіз жауды ауыздықтауға 200-ге жуық өрт сөндіруші жұмылдырылған. Ал өртті толығымен сөндіруге екі сағаттан астам уақыт кетіпті. Ғимараттың 13-ші қабатынан тұтанған өртті сөндіруге әуелі 81 адам және 14 көлік жұмылдырылды. Кешкі сағат 21.23-те басталған өртті ауыздықтау үшін сағат 22.00-де 56 өрт сөндіру көлігі жетті. Ғимаратты от құшағынан босату үшін 8 автосаты қолданылған, бірақ олардың ұзындығы тек 7 қабатқа дейін ғана жетті. Сол кезде өрт сөндірушілер сатыларды бір-біріне жалғау арқылы 12-қабатқа дейін жеткізген. Осы сатының арқасында 43 адамды аман алып қалу мүмкіндігі туды. «Ресей» қонақ үйіндегі бұл оқиға қазір тарих қойнауына енді. Десек те, осындай биік ғимараттардағы өртті ауыздықтау бүгін де жеңілдей қоймады. Жалпы, биік ғимараттардың жоғарғы қабаттарындағы үйлердің өз ерекшелігі бар: олар түтіндемейтін саты торларымен, түтін шығару қондырғыларымен, өртке қарсы каналдармен, өрттен қорғайтын су құбырымен, автоматты өрт дабылымен жабдықталуы тиіс. Ал аталмыш құрылғылар орнатылмаған жағдайда, жоғарғы қабаттарға тез таралатын түтіннің өте қауіпті екенін естен шығармаған абзал.

Ақпан айында әлемдегі биік ғимараттарымен көздің жауын алатын Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Дубай қаласындағы «Алау» атты 79 қабатты тұрғын үйден де өрт шықты. Өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында 330 метрден асатын ғимараттан мыңдаған адам эвакуацияланған. Зәулім үйдің 50-қабатынан шыққан өрттің жалыны қатты желдің әсерінен 70-қабатқа дейін жетіпті. Осындай биік ғимараттағы қызыл жалында өрт сөндірушілер 3 сағаттың ішінде ауыздықтады. Қазақстандағы өрт сөндірушілер базарлардағы өртті сөндіруге 7 сағат жұмсап жүргенде, биік ғимараттан шыққан алауды ауыздықтауға қанша уақыт жұмсайтыны мүлдем беймәлім.

Қазақстанда биік ғимараттарда өрт кезінде қолдануға арналған автосатылар саны нормадан төмен. Бұл туралы 2009 жылы өткен «Биік нысандардың қауіпсіздігі» атты халықаралық конференцияда Мемлекеттік өртті бақылау басқармасының бастығы Александр Кузнецов хабарлаған болатын. Содан бері бұл олқылықтың орны әлі де бүтінделмеген. Нормаға сәйкес құтқару тобында 47 автосаты мен 47 автокөтергіш болуы қажет. Ал қазіргі уақытта небары 4 автосаты бар, ал олардың ұзындығы 40 метрден асады. Мемлекеттік өртті бақылау басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, автосатының жетіспеуіне қаржының тапшылығы әсер етуде. Осыған дейін еліміздегі биік ғимараттарда 28 өрт шығып, шығын көлемі 1 миллион 122 мың теңге болған еді. Қазақстанда қазір 10 қабаттан жоғары биіктіктегі 486 ғимарат бар екен. Олардың басым көпшілігі Астана, Алматы, Орал және Қарағанды қалаларында орналасқан. Тағы бір айта кетерлігі, биік ғимараттардың өртке қарсы жағдайы төмен. Аталған биік ғимараттардың 301-інде түтіннен қорғау құрылғысы жұмыс істемесе, 232 ғимаратта автоматты өрт дабылы жүйесі істен шыққан. Мұның барлығы 2009 жылғы деректерге негізделген. Ал бүгінгі таңда ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар ко­митетінің деректеріне сүйенсек, өртке қарсы қызметті жарақтандыруда барлығы 415 өрт сөндіру депосы бар, оның 172-сі үлгі ғимараты, ал 243-і бейімделген ғимараттар. Соңғы 10 жыл ішінде қазіргі заманғы талаптарға сай 12 өрт сөндіру депосы ғимараты пайдалануға енгізілген.

Жыл сайын Алматы қаласының өзінде көптеген өрт оқиғасы тіркеледі. Білім ордалары, сауда нүктелері, ойын-сауық орталықтары, асханалар сынды адам көп жиналатын орындарда болған өрттің себептеріне қатысты түрлі болжамдар жасалғанымен, нақты қорытынды айтылмайды. Өрт – тілсіз жау, оның қай уақытта орын алатынын ешкім де болжап біле алмайды. Біздің мақсат – өрттің шығу себебін анықтау емес, қызыл жалынмен күресетін құтқарушылардың қызметін бағамдау болатын. Өрт сөндірушілердің тілсіз жауды ауыздықтауға ұзақ уақыт жұмсайтындығын жоғарыда келті­рілг­ен мысалдардан-ақ ұғуға болады. Қазақстандық өрт сөндірушілердің мұндай жылдамдығымен өрттен келетін шығынның көлемі арта беретіні сөзсіз.

Төтенше жағдайлар департа­мен­тінің деректеріне сенсек, тілсіз жауды жедел өшіру үшін өрт сөндірушілермен қатар, Ішкі істер департаменті, газ қызметі, су құбыры мамандары, электр мамандары да жұмылдырылуы тиіс. Өрт орын алған жердегі электр қуатын қию, газды тоқтату жұмыстарынан кейін ғана қызыл жалынды сөндіру жүзеге асырылуы қажет. Онсыз өрт сөндіру аса қауіпті. Өрт сөндірушілерге тәулігіне 50-60 дабыл келіп түседі екен. Олар өрт түрлерін үш топқа бөліп жіктейді: бірінші топқа орта деңгейлі өрттер, екінші топқа ірі ғимараттардағы өрт, үшінші топқа үлкен сарайлардағы өрт. Бірінші топтағы тілсіз жауды ауыздықтауға 3 техника жұмылдырылса, екінші топтағы қызыл жалынды тоқтату үшін өрт сөндіру қызметінің 60-70 пайызы аттанады. Ал үшінші топқа жататын өртті ауыздықтауға барлық өрт сөндірушілер жұмылдырылады екен. Кей кезде өрт сөндірушілер оқиға орнына кешігіп жетеді. Алматы жолындағы кептелістен олардың кешігуінің өзге себебін іздеудің де қажеті жоқ секілді. Оқиға орнына жол тартқан өрт сөндірушілер кептелісте тұрғанымен қоймай, өзге көліктер құтқару көліктеріне жол беруге де тырыспайтыны тағы бар. Негізгі ереже бойынша оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ең алдымен адамдарды құтқарып, содан кейін ғана өрт сөндіру жұмысын бастауы қажет.

Өткен жылы Қазақстанда орын алған өрт саны 13 мыңнан асып жығылған, бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 9 пайызға артық. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің статистикасы бойынша, 2014 жылы 13420 өрт болып, 2 миллиард 956 миллион теңге шығын келіпті. Бір жылда өрттен 314 адам көз жұмып, 567-сі жарақат алған. Бұл жылы өрт сөндірушілер 12345 өртті дер кезінде сөндіріп, 1265 адамды құтқарып қалған. Ал 2012 жылы республика бойынша 16904 өрт болып, соның салдарынан 5,6 миллиард теңге материалдық шығын келіп, 521 адам көз жұмған. Бұл жылдағы өрт саны 2011 жылмен салыстырғанда 11 пайызға, материалдық шығын 12 пайызға артыпты.

Міне, өртке қатысты статисти­калық деректер көңіл көншітерліктей емес. Ал өрт – адамның өмірі мен денсаулығына, қоғамға кесірін тигізетін, қоршаған ортаға ауқымды материалдық зақым келтіретін апат. Өрт жылдың әр мезгілінде орын алуы мүмкін. Сондықтан, Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент пен өрт сөндірушілердің жауапкершілігі мол болуы міндетті. Оған қоса, тұрғындар да өртке қарсы қауіпсіздік шараларын білгені жөн.

Редакция таңдауы

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...
makataev

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы...
bf4f4f04fd3ccff0ff70d75e3dcecbc1

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне...
05 1

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың...

Жаңалықтар

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуда көмек көрсетуде

Алматының жастар ресурстары орталықтарының белсенділері мен жас отандықтар қарт адамдар мен коммуналдық қызметкерлерге көмектесу үшін қар тазалау акциясына шықты. Алматыда 24 ақпанда сағат 16.00-дан бастап...

Сауль «Канело» Альварес: «Головкинді сұлатып түсіремін»

Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альварес журналистердің оның Геннадий Головкинге қарсы үшінші кездесу өткізуді қай уақытқа жоспарлап отырғаны туралы сұраққа жауап беруден мезі...

Исламжан Насыров ҚПЛ-дан неге «қашып кеткенін» түсіндірді

Екатеринбургтік "Оралдан" ҚПЛ-ға ауысқан Исламжан Насыров "Тұраннан" (бұрынғы "Арыс") кетіп қалды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-каналында хабарлады. Бәрі жақсы сияқты болған, Насыров матчтардың...

Facebook ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар инвестицияламақ

Американың Facebook компаниясы алдағы үш жылда ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның жаһандық саясат және коммуникациялар...

Тұрғын үй бағдарламасымен жастарға берілетін баспана құны қанша?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы арқылы берілетін баспана бағасы қанша теңгеге айналатынын айтты. «Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматыда...

Мемлекет басшысының Ұлттық кеңестің V отырысында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзін жарияланды. Құрметті жиынға қатысушылар! Ұлттық кеңестің қызметі әуел бастан қоғамның ерекше назарында. Оның жұмысына...

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Кездесуде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ сайлауаралық кезеңдегі партияның жұмыс жоспары талқыланды. «Nur Otan» партиясының Төрағасы...

Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты

Алматы-Бішкек тас жолында қалың қар мен көктайғақ салдарынан 7 көлік соқтығысты. Оның ішінде біреуі жолаушылар автобусы. Бір адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне...

Павлодар облысында өрт сөндіру кезінде ТЖМ қызметкері қаза тапты

Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, – деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. «2021...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Қазақ көші қолдаусыз болған емес

Қазақ көші атажұртқа сап түзегелі қилы жағдайды бастан кешті. Әйткенмен қандастардың салқар көші байырқалаған жоқ, байсалды болды. Оған себеп дүниенің төрт бұрышынан ағылған көштің...

Максим СПОТКАЙ: Қиындықта көрген қамқорлық ешқашан ұмытылмайды

Шын мәнінде, қазақ – ерекше алғысқа лайық халық. Себебі қазақтар қиын-қыстау за­­­манда осы мекенге жер аударылған түрлі этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алып, қол­дау...

Аскер ПИРИЕВ: Бірліктің арқасында талай жеңіске жетеміз

– Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының фору­мында айтқан болатын. Ал 1995 жылғы...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналған?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының қай санаттағы жастарға арналғанын түсіндірді. «Қазір осы бағдарлама бойынша талаптар әзірленуде. Бұл...

Елорданың көктемгі әуендері

Наурыз айында «Астана Опера» камералық залында елорда тұрғындары мен қала қонақтарын балалар мен ересектерге арналған жарқын концерттік бағдарламалар мен керемет спектакльдер күтеді. 5 және 9...

ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелла: «Астана рухын» жандандыруымыз керек

24 ақпанда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясы бейне конференция байланысы бойынша өз жұмысын бастады. Оған Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бастаған ҚР Парламентінің делегациясы қатысты. Сенат...

Рейтинг: Мемлекет тілін білмейтін министр кім?

Ranking.kz аналитикалық компаниясы қазақстандық министрлердің тіл білу рейтингісін жариялады. Қазақстанда екі министр 5, төрт министр 4, бес министр 3, жеті министр 2 тілді меңгерген. Ал...

Қат мамандық қайсы?

Еңбек нарығы заман ағымына қарай үздіксіз өзгеріп отырады. Бүгін бәсі жоғары тұрған маман­дық­тар уақыт өте келе сұраныстан шы­ғып қалуы әбден мүмкін. Окс­форд университетінің ғалымдары...

Алматыда мыңнан астам ана сақтандыру есебінен ЭКО жасата алады

Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұрын тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру пакетіне...

Димаш – ақиқатқа айналған арман

Әр ұлттың өніп-өскен, мекен еткен жеріне орай өзгеше болмысы қалыптасатыны ақиқат. Ұлы дала төсінде мыңдаған жылдар бойы еркін өмір сүрген, империя құрып ғасырлар бойы...

Түркі кеңесі елдерінің энергетика министрлері ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Түркі кеңесінің энергетика министрлері мұнай және газ, электр энергиясы, ЖЭК, сондай-ақ мұнай-газ-химия саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде ұйымға мүше елдерде өндірілетін өнімді тасымалдау бағыттарын әзірлеуді...

Алғыс айту – ардың ісі

Негізін қазақ халқы құ­раған және күні бү­гінге дейін сол үр­діс тоқтаусыз жалғасып келе жат­қан мемлекетімізде қазақ­тан өзге жүзден астам ұлт өкіл­дері де осы елдің...

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайды

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайтынын айтты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты бар, бүгінде...

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі шартқа өзгеріс енді

Қазақстанда егер халықаралық шарттардың өзге қатысушылары өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда аталған келісімнің немесе олардың жекелеген ережелерінің іске асырылуын тоқтату, сондай-ақ, жауап шараларын қабылдау тәртібі...

Қазақстан мен Оңтүстік Корея тұтқындарды алмастыруға келісті

Оңтүстік Кореяда сотталған Қазақстан азаматтары енді өз мерзімінің қалған бөлігін Отанында өтей алады. Бүгін сенаторлар тиісті шартты ратификациялады. Бұл жерде бірқатар шарттардың сақталуы маңызды болып...

Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек – Дана Нұржігіт

Сенат депутаты Дана Нұржігіт отандық телевизиядағы кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға қайшы деп есептейді. Бұл туралы парламент өкілі үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты. Депутаттың айтуынша, бүгінгі...

«Болашақ» бағдарламасы – келешекке жасалған көлемді инвестиция

– Тәуелсіздік алған тоқсаныншы жыл­дары жалпы ха­лық­тың жағдайы жақсы бол­ды, мына сала­ның дамуына ерекше жағдай жа­салды дей ал­маймыз. Қоғам өмірінің бар­лық саласы то­қырауға ұшырады....

Сенатор Ләззат Сүлеймен заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға қол жеткізу туралы айтты

Отандық жоғары оқу орындарында оқитын заңгерлер көп, бірақ өкінішке орай, заңгерлік білімнің сапасы көңіл көншітпей отыр. Сенатор Ләззат Сүлеймен өзінің депутаттық сауалында осы мәселені...

Мұрат Бақтиярұлы: Ашаршылықты зерттеу үшін ғалымдар мұрағатқа қол жеткізуі қажет

Ашаршылық тақырыбын жан-жақты зерделеу үшін ғалымдардың отандық және шетелдік мұрағаттарға қол жеткізе алуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мәселені сенатор Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-Министрінің атына...

Жамбылда 251 гектар жерді жайлаған 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Былтыр Жамбыл облысында 251 гектар жерден 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылған. Бұл жұмыстар жерді жырту, шабу, өртеу және гербицидтерді қолдану арқылы жүзеге асқан....

Дипломатия жемістері

Биыл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жария­лан­ғанына 30 жыл толады. Осы тарихи датаға байланысты өмірімнің жиырмаға жуық жылын осы салаға арнаған дип­ломатия ардагері хақында, дербес...

Айман Ибрагимова дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы  Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Онда Сарыағаш ауданының балуан қызы Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде...

Мемлекет басшысы Білім министрлігіне ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты тапсырма берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға қатысты еліміздің Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берді. «Өкілетті органға ерекше қажеттілігі бар бала мен оның...

Президент: жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды және бір ай ішінде Жер реформасы жөніндегі...

Әлия Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты жобаны қолға алды

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева көгалдандыруға қатысты тағы бір бастаманы қолға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жоба аясында саябақтарға ағаштар егіледі. Оған...

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажет – Президент

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажеттігі туралы айтты. «Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған көптеген...

Президент аудан әкімдерінің сайлауы қашан өтетінін айтты

Мемлекет басшысы елімізде аудан әкімдерінің тікелей сайлауы қашан өткізілетінін айтты.  "Қазір біз кенттер мен ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындалып жатырмыз. Сайлау биыл шамамен...

Қазақстандықтар медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алуы тиіс – Қ.Тоқаев

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді. «Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны...

Мемлекет басшысы медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейтуді тапсырды

Медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында...

Ауылда өз жұмысшыларына үй салып берген кәсіпкерлерге шығынның 50 пайызы қайтарылады – Президент

Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. «Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50...

Путин Жапаровқа Қырғызстанда орыс тілінің мәртебесін сақтаудың маңызын ескертті

Мәскеуге екі күндік жұмыс сапарымен барған Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Кремльдің хабарлауынша, Владимир Путин Садыр Жапаровты Қырғызстан президенті қызметіне...

Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Мейіржан Юсупов қызметінен босатылды. Үкімет басшысы сайтының мәліметінше, Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырауда дүниеге келген. Томск...

Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды

25 ақпаннан бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады. Біржолғы зейнетақы жинағын келесі медициналық қызметтерге пайдалануға...

Қар, боран, көктайғақ: Еліміздің 16 өңірінде ескерту жарияланды

Бір тәулік ішінде республиканың автожолдарында 155 бірлік техника шығарылды, 294 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Бұл туралы КР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты. «Қазгидромет» РМК...

«Бірнеше күн нәр татпаған»: Ресейлік жазушы өз пәтерінде өлі күйінде табылды

Мәскеуде жас жазушы Аделина Шелдон өлі күйінде табылды. Бұл туралы Рен ТВ телеарнасы хабарлады.  Арна мәліметінге, 20 жастағы қыз өз пәтерінде көз жұмған. Соңғы бірнеше...

Пандемия салдарынан әлем әуежайлары қанша шығынға ұшырады?

Әлемдегі әуежайлар коронавирус кесірінен 112 млрд доллар шағынға ұшыраған. Мұндай мәліметті Әуежайлардың халықаралық кеңесі жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». Коронавирус жайлаған 2020 жылы шығын...

Коронавируспен ауырған балалардың денсаулығынан елеулі кінәрат анықталды

COVID-19-мен ауырған балалардың жартысында төрт ай бойы осы аурудың кем дегенде бір симптомы сақталады. Мұндай түйткілдер ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды "Известия". Мамандардың...

Трамп жарлығының күші жойылды: Байден кейбір шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берді

АҚШ президенті Джо Байден елдің бұрынғы басшысы Дональд Трамптың 2020 жылдың сәуірінде шетелдіктердің кейбір санаттарына елге кіруге тыйым салған Жарлығын жойды. Бұл туралы РИА...

Жуынатын бөлмеге телефонын алып кірген оқушы көз жұмды

Ресейдің Братск қаласында жуынатын бөлмеге телефон алып кірген оқушы қыз тоқ соғып мерт болды. Оқиғаға қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы РФ тергеу комитеті өңірлік...

Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі бой көтереді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінің жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеп....

Нұр-Сұлтанда аяз: 0-9 сынып оқушылары мектепке бармайды

Астанада ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «25 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ...

Алматыда 16 мыңнан астам студентке арналған бірнеше жатақхана салынады

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жоғары оқу орындары басшылығымен жатақхана құрылысы мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Жиында «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» аясында жатақхана құрылысының барысы...

Атырауда Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасы қаланды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала ауылында атақты Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасын қалады,- деп хабарлайды...

«Менің пірім- Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысы

Абай атындағы ҚҰПУ-інде Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Менің пірім-Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысының ақтық кезеңі 19 ақпанда өтті. Ақтық кезеңге 12...

Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған

Мемлекеттік сатып алулар сайтында ерекше лот  -  Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Балабақша 22,3 миллиард теңгеден астам...

БЖЗҚ еліміздегі ең жоғары зейнетақы қанша теңге екенін айтты

Еліміздегі ең жоғары зейнетақы 522 610 теңгеге жетті, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі. Қордың мәліметінше, 2021 жылғы 1 ақпандағы көрсеткіш бойынша БЖЗҚ 167 423 алушыға...

Ертісбаев Путиннің беделін көтеретін факторды атады (видео)

«Спутник V» вакцинасы бүкіл әлемде мойындалса, бұл жетістік Ресей үшін алғашқы Жер серігі ғарышқа жіберілген сәттегі КСРО-ның даңқымен пара-пар болуы мүмкін. Мұндай пікірді Yertysbayev...

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ернат Архатұлы Мұхамадиев ҚР МСМ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ернат Мұхамадиев...

Елорданың ірі мәдени ошақтары пандемия салдарынан қанша шығынға батқаны белгілі болды

«Astana Venue Management» ЖШС-ның бас директоры Мәлік Хасенов елордадағы мәдени нысандардың 2020 жылғы шығыстарына қатысты нақты деректермен бөлісті. «Егер әр нысанға қатысты нақты айтар болсақ,...

Қарызын қайтармаған досына оқ атқан павлодарлық 8 жылын түрмеде өткізеді

Сот үкімі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жарияланды деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Сот 28 жастағы павлодарлықты қылмысқа дайындалғаны және кісі...

Ертісбаев Ұлттық кеңес туралы заңға екіұдай пікір білдірді (видео)

 Белгілі саясаткер Ермұхамет Ертісбаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы заң қабылдау жайлы ұсынысқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Yertysbayev Live  атты Youtube-арнасында...

«Абай» мәдени-іскерлік үйінің атқарар міндеті мол

Бүгінде жер-жаһанның 43 елінде тұратын этникалық қазақтардың қарасы 7 миллионға жетіп жығылады, алайда, ақпарат көздерінен белгілі болғандай, шекараның арғы шебіндегі отандастар саны 5 миллион...

Әлемді мойындатқан актерге адам зорлады деген айып тағылды

Есімі әлемге белгілі француз актері Жерар Депардьеге адам зорлау және сексуалдық зомбылық бойынша айып тағылды. Бұл туралы Риа Новости France-Presse (AFP) агенттігіне сілтеме жасап...

Қазақстандықтар министрлерге қандай мәселемен келеді?

Nur Otan-ның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың министрлермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен онлайн-кездесулері жалғасуда. Қазақстандықтардың министрлерге қандай мәселелермен келетіні туралы партия Орталық аппаратының баспасөз...

1 наурыздан бастап Қазақстанда карантин жеңілдейді

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдейді. Жағымды жаңалықты Facebook парақшасы арқылы Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева хабарлады. «Сүйінші жаңалық! Ведомствоаралық комиссияның...

БҚО-да 24 елді мекен жарықсыз қалды

Батыс Қазақстан облысында 24 елді мекен электр жарығынсыз қалды. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сегіз ауданда барлығы 3112 абонент жарықсыз қалды. Атап...

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Серік Рахметоллаұлы Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің...

Жол апатына кінәлі әйел полициядан қашамын деп мерт болды

Ресейдің Благовещенск қаласында жол-көлік оқиғасын жасап, із суытпақ болған әйел жол апатына түсіп мерт болды. Тағы екі адам жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новости....

Экология министрлігі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатаң талаптар қойды

Экология министрлігі "АрселорМиттал Теміртауға" Теміртауда 500 мың ағаш отырғызуды міндеттеді. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған брифинг барысында хабарланды. Министрліктің...

Алматыда қандай кәсіп иелері тапшы екені белгілі болды

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова онлайн брифинг барысында мегаполисте қандай мамандық иелері тапшы екенін айтты. Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласында мамандар тапшылығы...

«Қытаймен бәсекені күшейтеміз»: АҚШ пен Канада күш біріктірді

АҚШ пен Канада Қытайға қарсы тұру үшін күш біріктірді.  Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдомен өткізген бейнеконференциядан кейін мәлімдеді, деп...

Алматы мәйітханасының директоры ірі көлемде пара алған деп айыпталды

Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қалалық паталогоанатомиялық бюросының директоры Б.Әлібековке қатысты тергеу ісін аяқтады. Ол 2020 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша қол қойылған...

Шымкентте тойханаларды мектепке айналдыру ұсынылды

Шымкенттегі банкет залдары иелеріне жергілікті билік мектеп немесе кафе ретінде жұмыс істеуді ұсынды. Коронавирус пандемиясына байланысты көптеген ойын-сауық кешендері бір жылға жуық жұмыс істемейді. "Атамекен"...

Қазақстан нарығына екі жаңа автокөлік бренді шығарылмақ

Astana Group холдинг компаниясының негізін қалаушы және президенті Нұрлан Смағұлов екі жаңа автомобиль бренді биыл ел нарығына шығарылатынын мәлімдеді. Олар - Haval және Genesis...

Зейнет жасы: Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасы әзірленуде

Премьер-Министр Асқар Маминнің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында елімізде Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасының жобасы әзірленіп жатқаны туралы айтылды. Қазіргі уақытта зейнетақымен қамсыздандырудың барлық үш деңгейі (ынтымақты, базалық...

Мәжілісте қатесіз жазуға қатысты құжат мақұлданды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл...

Төменгі жалақы мөлшерін арттыру мақсатында Жол картасы әзірленеді – Үкімет басшысы

Премьер-Министр Асқар Маминнің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында елімізде жалақының төменгі мөлшерін арттыру мақсатында арнайы Жол картасы әзірленетіні айтылды. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың...

6,6 млрд теңге: Орал әуежайының ғимараты жаңартылмақ

БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің айтуынша, «ҚПО б.в.» компаниясы арқылы әлеуметтік инвестициялар жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмысы басталды. Жоба бойынша терминал алаңы 4 мыңнан 10...

ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, соңғы күндері өңірде күн жылып, жиі қар жауып тұр. Жел жылдамдығы да артқан. Таулы аймақтарда көшкін жүру ықтималдығы жоғарылады....

210 мыңға жуықтады: коронавирус жұқтырғандар саны азаймай тұр

Қазақстанда өткен тәулікте 753 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 93, Шымкент қаласы...

Мас күйінде көлік тізгіндеген азаматтың бас бостандығы шектелді

Өскемен қаласында алкагольді ішімдік ішіп  алып көлік тізгіндеген ер адам жазаға тартылды. ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің мәліметіне сүйенсек, былтыр көктемде ер адам әкімшілік жауапкершілікке...

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көрді, – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. «Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне...

Елімізде боран соғып, қар жауады – Қазгидромет

Сәрсенбі күні елімізде жел күшейіп, боран соғады, солтүстікте қалың қар жауып, оңтүстік өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, – деп хабарлады Қазгидромет. 24 ақпанда Қазақстан...

Oppo компаниясы ауа арқылы сымсыз қуаттау технологиясын ұсынды (видео)

OPPO компаниясы көпшілікті Oppo X 2021 құрылғыларын сымсыз қуаттаудың жаңа жүйесімен таныстырды, - деп хабарлайды EVO-RUS.COM. https://youtu.be/xALQxs1bJM0 Wireless Air Charging технологиясын Қытайлықтар MWC 2021 Shanghai көрмесінде...

Google қазақ тіліндегі аудиожазбаларды аудара бастады

Google Translate сервисі енді қазақ тіліндегі аудиожазбаларды аудара бастады, деп хабарлайды АА "NewTimes.kz". Бұл жаңарту 22 ақпанда пайда болды – 6.17.0. Айта кету керек, аудиоаударма тек...

АҚШ-та салынғанына 139 жыл болған үй алып тіркемемен жаңа орынға көшірілді (видео)

Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласының тұрғыны Тим Браун 139 жыл бұрын іргетасы қаланған өз үйін жаңа мекен-жайға көшірді. https://www.youtube.com/watch?v=u8l6eBUK-rM 1882 жылы салынған үй үлкен тіркемеге салынып, жүк...

«Алтын Орда» тарихына арналған киножобаға дайындық басталды

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Алтын Орда тарихына арналған ірі киножобаның тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Осы мақсатта кино орталығының жанынан жұмыс тобы құрылған, ол ел...

Қандасымыз Риза Әлімжанқызы – Қытай киноиндустриясының жұлдызы

Қытайдың kazakcnr.com сайтында талантымен танылған қандасымыз, белгілі актриса Риза Әлімжанқызы туралы мақала жарық көрді. Аталған мақаладағы деректерге сүйенсек, Қытайда өнерімен көрермен көзайымына айналған Риза...

Елбасы Ақан Сатаевты қабылдады

Елбасы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады, – деп хабарлайды elbasy.kz. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрдайым өнер саласының...

«Nur Otan» партиясының жол картасы: «Баспанамен қамту – басты назарда»

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына арналған Жол карталарын бекітті. «Nur Otan» партиясы сайлаудан кейінгі бір ай уақыт ішінде өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын...

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Рахым Ошақбаевпен және Қанат Сахарияновпен кездесті, – деп жазды Ақорда. «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев Президентке...

Мемлекет басшысы Каспий теңізіндегі қызметке қатысты заңға қол қойды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының...

Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қарағанды фармацевтика кешені (ҚФК) базасында «Гам-КОВИД-Гак» («Спутник–V») вакцинасының өнеркәсіптік өндірісі барысын және вакцинаның...

Білім саласының бір орында тоқтап қалған кезі жоқ

Аягүл МИРАЗОВА, Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның Еңбек Ері: – Тәуелсіздік алған жылдары жалпы халықтың жағдайы жақсы болды, мына саланың дамуына ерекше жағдай жасалды...

Президенттің құжаттарды цифрландыру процесіне қатысты тапсырмасы орындалды – Берік Уәли

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мемлекеттік органдар тарапынан берілетін құжаттарды цифрландыру процесі қалай жүргізіліп жатқаны туралы жазды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр...

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 13 трлн теңгеден асты

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан салымшыларының зейнетақы жинағының сомасы 13,1 триллион теңге болды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шотында 13,1 триллион теңге зейнетақы...

Коронавирусқа қарсы екпе салдырған 73 жастағы хирург вакцинаның әсері туралы айтты

Атырауда 73 жастағы хирург Марат Есжанов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Оның айтуынша, вакцинаның жанама әсері жоқ. «1 ақпанда әріптестеріммен бірге коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші кезеңін алдым....