Шымкентте кәріз құбырларын тарту кезінде 5 жұмысшыны топырақ басып қалды

Шымкентте кәріз құбырларын тарту кезінде 5 жұмысшыны топырақ басып қалды

Шымкентте кәріз құбырларын тарту кезінде 5 жұмысшыны топырақ басып қалды
ашық дереккөзі
Шымкентте кәріз құбырларын тарту жұмыстары кезінде 5 жұмысшыны топырақ басып қалды. Оларды құтқаруға келген құтқарушының өзі орта дәрежеде жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. Оқиға кеше күндізгі сағат 16-00-дер шамасында қаладағы Тастақ көшесінде болған. «Югсантехмонтаж» серіктестігінің жұмысшылары 4-5 метрлік тереңдікте жер қазып, құбырлар тартып жатқанда үстілеріне топырақ түсіп кеткен. Біраз уақыт бойы үйінді астында қалғандарды жанындағылар шығара алмаған соң, құтқарушыларды шақырыпты. Топырақ астындағы адамдарды сыртқа шығару барысында құтқарушылардың бірі Мұхит Ибрагимовтың өзі де жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Ол қазір аурухананың жарақат бөлімінде жатыр. Жағдайы орташа деңгейде деп бағалануда. Топырақ астында қалған жұмысшылар да емдеу мекемесіне жеткізіліп, оларға тиісті емдік шаралар жүргізілді. Енді өңірдің төтенше жағдайлар қызметі мен еңбек инспекторлары болған оқиғаның мән-жайы мен себеп- салдарын анықтайтын болады.