Куянов: ЭКСПО-ны сынға алған америкалық журналистің мақаласы тапсырыс бойынша жазылған

Куянов: ЭКСПО-ны сынға алған америкалық журналистің мақаласы тапсырыс бойынша жазылған

Куянов: ЭКСПО-ны сынға алған америкалық журналистің мақаласы тапсырыс бойынша жазылған
ашық дереккөзі

Foreign Policy журналында Астанадағы халықаралық ЭКСПО көрмесі туралы репортаж жариялап, көрмені негізсіз сынға алған америкалық журналист Джеймс Палмер Астана келмеген, ЭКСПО-ны көрмеген де. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.kz.

«Біз ол журналистің бар екенін анықтадық. Британиялық Джеймс Палмер бірнеше басылымға Орталық Азия мен Қытай туралы жазады екен. Алайда ЭКСПО-2017 көрмесінде ондай журналист тіркелген жоқ. Ол - бір. Екіншіден, Джеймс Палмер деген кісі Қазақстан шекарасынан өтпеген. Яғни кедендік тіркеуде жоқ. Демек, Палмер мырза өз материалын өзге біреудің пікіріне сүйеніп жазған, я болмаса, репортажын тапсырыс бойынша шығарған», - дейді Сергей Куянов.
Сергей Куяновтың айтуына қарағанда, шетелдік журналист өз материалында көп фактіні бұрмалап көрсеткен. "Мысалы ол көрме құрылысына кеткен ақшаның жалпы сомасын 5 млрд доллар деп жазады. Ал, өздеріңіз білетіндей, бұл сома 5 емес, 6 емес, 1,3 млрд долларды кұрады. Бұны құрылыс жұмыстарын жүргізген компаниялар да растайды", - деді Куянов.