359
5000 теңге үшін өлтірілген студенттің өліміне қатысты тың дерек шықты
5000 теңге үшін өлтірілген студенттің өліміне қатысты тың дерек шықты
Аграрлық университеттің жатақханасында өлтірілген студенттің курстастары ақша бопсалағандардың есімін атады, деп хабарлайды КТК арнасы.
Алайда, айыпталушы орындығында басында айтылғандай 7 адам емес, екінші курстың жалғыз студенті отыр. Марқұмның жақындарының жанына бататыны да осы жайт. Студент өліміне қатысты сот отырысында ине шаншыр орын жоқ. Процеске келгендердің біразы залға сыймай сыртта тұр. Себебі бүгін марқұм Дидардың туыстары мен үлкендерден жәбір көрген бірінші курс студеттерінің біразы келген. Олар сотта өздерін сабағандардың аты-жөнін жіпке тізді. "Ол жерде Самғат, Баука, Ерлан деген жігіттер болды. Үш жүзінші бөлмеде Досбал және Тойчыбек болды. Досбол бәрімізді бір-бір соққыдан ұрып шықты. Кейін Тойчыбек ұрды. Дидар бауырым 4-5 ші боп тұрған. Ол сол жерде қайтыс болып кетті", - дейді Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенті Дархан Нұғматов. Ерегестің барлығы ақша бопсалаудан басталғаннын студенттер ашық айтып отыр. Жатақханада теңгесі біткендер тепкінің астында қалады екен. Аграрлық универсиеттің жүйесі сондай. Тараздың тумасы Дидар Болысбек те соның құрбаны. "Оқиғаның алдында үш күн үйде болып анасының қолынан тамағын ішіп кеткен бала. Артық ештеңе айтпайтын. Бір сөзін-ақ естідім. Шіркін, екі ай өтсе екен, сосын пәтерге көшем деген", - дейді Дидар Болысбектің әкесі Қайырбек Нәбиев. Бірақ үгермеді. Жоғары курстың балалары 5000 теңге үшін оны өлімші етіп сабап өлтірді. Бүгінде соның тек біреуі ғана сот залында. Басты күдікті ретінде Тойчыбек Асамов жауап беріп жатыр. Қалғандары аты аталып, кімнен қанша ақша алғанына дейін жіпке тізілсе де, еш шара қолданылар емес.