Астанаға Сауле Ниинистё келді

Астанаға Сауле Ниинистё келді

Астанаға Сауле Ниинистё келді
ашық дереккөзі
382
Елордаға жұмыс сапарымен Финляндия президенті Сауле Ниинистё келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Елорданың халықаралық әуежайында құрметті қонақты ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев, Қазақстанның  Финляндиядағы Елшісі Мұрат Нұртілеуов және оның финдік әріптесі Илкка Райсанендер қарсы алды . Сауле Ниинистё сапарының бағдарламасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөз, финн іскерлер қауымымен кездесу, ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесінде ұлттық күнді өткізу рәсіміне қатысу және елдің Санта Клаус павильонына бару қарастырылған. Финляндия мемлекетінің басшысы қонақүйге заттарын қалдырған соң, киімін ауыстырып роликті конькимен елорданың өзіне таныс жерлерін қайта тамашалау үшін шықты. Өйткені оның бұл Астанаға үшінші сапары.  

Серіктес жаңалықтары