247
Қазақстанда қылмыскерлердің ДНҚ деректер базасы құрылады
Қазақстанда қылмыскерлердің ДНҚ деректер базасы құрылады
Қазақстанда ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған тұлғалардың ДНҚ-ларының деректер базасы құрылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Астана қаласы бойынша Сот сараптамалары институтының биологиялық және химиялық зертхана меңгерушісі Іңкәр Тәжіғұловаға сілтеме жасап.
Қазақстанда қылмыскерлердің ДНҚ деректер базасы құрылады «Өткен жылдың соңында «Дактилоскопия және геномдық тіркеу туралы» Заң қабылданды.
Аталған заң аясында ауыр және аса ауыр қылмыс үшін сотталған барлық тұлғалар генотиптенеді. Бұл заң 2021 жылы өз күшіне енеді. Әзірге дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Яғни, құқық қорғау органдарының тапсырмасымен, қылмыс орнынан табылған және белгісіз тұлғаларға тиесілі барлық генетикалық материалдар деректер базасына енгізіледі. Бұл материалдар алдағы уақытта ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін ұсталған күдіктілермен немесе сотталғандармен автоматты түрде салыстырылады», -деді Іңкәр Тәжіғұлова.
Оның айтуынша, бұл уақытты үнемдеуге және қылмысты ашуға септігін тигізеді. Қазақстанда қылмыскерлердің ДНҚ деректер базасы құрылады «Алғаш рет деректер базасы 1995 жылы Ұлыбританияда құрылған, өткен жылы «Болашақ» бағдарламасы арқылы сол жерде тағылымдамадан өту бақыты бұйырды. Жобамның тақырыбы Ұлыбританияның аталған мәселені зерттеу тәжірибесіне арналды. Яғни, барлық заңдарды, заңды реттейтін нормативтік құжаттарды зерттедім. Елге оралған соң, «Дактилоскопия және геномдық тіркеу туралы» Заңды құру бойынша жұмыс тобына ендім», - деді І.Тәжіғұлова.