Португалия 3 күн аза тұтады

Португалия 3 күн аза тұтады

Португалия 3 күн аза тұтады
ашық дереккөзі
317
Португалияда орман өртінен құрбан болғандардың саны артты. Соңғы мәлімет бойынша, 62 адам көз жұмған деп хабарлайды Хабар24. Бұған дейін тілсіз жаудан 57 адамның ажалы жеткенін айтқанбыз. Еске сала кетейік, аптап салдарынан елдің шығысындағы Лейрия өңірінде орман отқа оранып жатыр. Мұнымен қоса, аймақта қатты жел тұрып, өртттің өрши түсуіне сеп болған. Ормандағы тілсіз жаудан таяу маңдағы бірнеше елді мекенге нұқсан келген. Қайғылы оқиғаға байланысты елде 3 күндік аза тұту жарияланды.

Серіктес жаңалықтары