Жыл басынан бері 98 адам суға кетіп, мерт болды

Жыл басынан бері 98 адам суға кетіп, мерт болды

Жыл басынан бері 98 адам суға кетіп, мерт болды
ашық дереккөзі
346
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті республика бойынша суға ағып мерт болған адамдар санының өсуіне байланысты тұрғындарды барынша абай болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз республика тұрғындарын суға шомылуы кезінде барынша абай болып, балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береміз. Көпшілік жағдайларда қарпайым қауіпсіздік ережелерді ұстанбаудың соңы қайғылы жағдайларға жиі ұшыратады», - деді Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. Оның сөзіне қарағанда, өткен тәулік ішінде 3 қайғылы оқиға тіркелген. Айталық, 16 маусым күні Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында ағын судың құрбаны болған. Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы су қоймасына 11 жастағы жасөспірім суға ағып, мерт болды. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы өзенде 2004 жылы туған қыз бала да судан ажал құшты. Павлодар қаласындағы Ертіс өзені жағасынан 1999 жылы туған жігіттің өлі денесі шығарылған. «Шомылу маусымы басталғаннан бастап Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында қайғылы оқиғалар тіркелді. Жыл басталғаннан бері суға 98 адам ағып кетсе, оның 52-сі балалар. Бұл ретте 61 адам құтқарылды, оның 9-ы балалар», - деп атап өтті Р. Иманқұлов.  

Серіктес жаңалықтары