273
Жол апатында екі аяғынан айырылған қыз кім?
Жол апатында екі аяғынан айырылған қыз кім?
Жол апатында екі аяғынан айырылған қыздың кім екені белгілі болды. Алматыда жол-көлік оқиғасынан екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиеваға қажетті көмек көрсетіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Қыз бен оның құрбысы 16 маусымда әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан зардап шеккен болатын. Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, қыздар екі бөлек ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта Парафиева Орталық қалалық клиникалық ауруханасында жатыр. Шұғыл ота жасалғаннан кейін оның жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. Дәрігерлер қазіргі уақытта интенсив терапия жасалып жатқанын айтады. Барлық сала бойынша маман консилиумға қатысып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, Екатеринаның жағдайы бірте-бірте жақсарады. Науқастарға кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын назарларыңызға алуыңызды сұраймыз. Денсаулық сақтау жүйесіндегі жетекші мамандар жұмылған. Олар барлық қажет болған препараттармен қамтамасыз етілген. Науқастардың жағдайы түзеледі деген үмітіміз бар, одан кейін реабилитация жүргізіледі", - деді басқармадағылар.
Еске сала кетейік, кеше Алматыда болған жол апатынан қыздың екі аяғы жұлынып кеткені хабарланған болатын. Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылында Тұңғыш Президент саябағының маңында болған. Жол апатына түскен көліктің барлығы батыс бағытта кетіп бара жатқан. Кейінірек аяғы жұлынып кеткен қызға шұғыл ота жасалып жатқаны хабарланған еді.