Сәрсенбі, 5 Қазан, 2022

Қанат Ислам Бауыржан Байбекке тарту жасады

Белгілі кəсіпқой боксшы Қанат Исламды Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбек қабылдап, жеңісімен құттықтады.

Қала əкімі ЭКПО-2017 көрмесі аясында өтетін байрақты бəсекеде Қанат Ислам жеңіске жетіп, Қазақ еліне тағы да қуаныш сыйлайтынына сенімді екенін айтты. Кездесу барысында Қанат Ислам Бауыржан Байбекке өзінің чемпиондық белбеуін сыйға тартты.

«Спортқа жанашырлығыңыз бен жарқын болашақ үшін жасап жүрген еңбегіңізге ризашылық білдіріп, інілік көңілмен сізге осы белбеуді сыйлаймын»- деді Қанат Ислам.

Белбеуге «Бауыржан Байбек ағама Қанат Исламнан естелік» деген сөз қашалып жазылған. Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы əкімдігі Қанат Исламның АҚШ-та өткен жекпе-жегінің бас серіктесі болды. Сондай-ақ 2016 жылы «Алматы аренада» өткен ұмытылмас керемет кешке де Алматы қаласы əкімі Бауыржан Байбек қолдау көрсеткен еді. Жақын күндері «QAZAQ» командасы БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз маслихаты ұйымдастырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button