411
АҚШ әділет министрлігі Ди Каприоның "Оскарын" тартып алды
АҚШ әділет министрлігі Ди Каприоның "Оскарын" тартып алды
АҚШ-тың Әділет министрлігі Red Granite Pictures продюсерлік фирмасын Малайзияның инвестициялық қорынан ақша ұрлады деп айыптауда. Сол себепті голливуд актері Леонардо Ди Каприо «Уолл-Стрит қасқыры» фильмі үшін алған «Оскар» сыйлығын құқық қорғаушыларға қайтарып беруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Baq.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
2016 жылы Ди Каприоның қатысуымен түсірілген «Уолл-Стрит қасқыры» фильмін түсіру кезінде Red Granite Pictures продюсерлік компаниясы қордан ақша ұрлаған деп отыр АҚШ әділет министрлігі. Сол себепті Ди Каприо «Оскар» сыйлығынан басқа қайырымдылық бәссаудасын ұйымдастыру үшін сыйға алған заттарын да қайтарып берген.