Жаңа форматтағы ҰБТ 20 маусым күні басталады

Жаңа форматтағы ҰБТ 20 маусым күні басталады

Жаңа форматтағы ҰБТ 20 маусым күні басталады
ашық дереккөзі
20 маусым мен 1 шілде аралығында Қазақстанда ҰБТ өткізіледі. Биылғы тестілеу алғаш рет жаңа форматта өтеді. Мектеп түлектері тесттерді 165 ҰБТ өткізу пункттерінда тапсырады. ҚР БҒМ Баспасөз қызметі хабарлайды. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, биыл ҰБТ-ға қатысуға 92 827 түлек ниет білдіріп, арыз жазған. Олар биылғы мектеп бітірушілердің жалпы санының (131 377) 71 пайызды құрап отыр. ҰБТ тапсыруға ниетті 69 209 түлек қазақ тілінде, ал 23 618 – орыс тілінде тапсырады. ҰБТ 165 тапсыру пунктінің 1431 аудиториясында өткізіледі.  Бұл аудиториялар байланыс сигналдарын бөгейтін құрылғылармен, металл детекторларымен, ҰБТ барысын бақылау және жазу бейнекамераларымен, сондай-ақ Интернет арқылы онлайн тарату камераларымен жабдықталған. Ата-аналарға ыңғайлы жағдай қамтамасыз ету мақсатында 108 пункттегі ҰБТ барысы мониторға шығарылып, көрсетіледі. Әдеттегідей, ҰБТ өткізу орындарында медициналық қызмет пен құқық қорғау органдарының өкілдері  жұмыс істеп, ауыз су және тағам өнімдерін сату орындары қызмет көрсетеді. ҰБТ белгіленген тәртіп бойынша өткізілуі мен ережелердің орындалуын қадағалау үшін тестілеу өткізілетін пункттерге ҚР БҒМ тарапынан ЖОО (75 пайыз)  және колледждердің (25 пайыз) оқытушылары жіберілді. Ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін ел өңірлерінде жергілікті ЖОО-ның, білім бөлімдерінің, әкімшіліктердің, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінен құралған мемлекеттік комиссияларды құру қолға алынды. ҚР БҒМ бұйрығымен тесттік тапсырмалар мен техникалық ақаулықтар жөніндегі апелляциялық арыздарды қарастыратын Республикалық апелляциялық комиссиямен қатар, жер-жерде апелляциялық комиссиялар кұрылды. Тәртіп бұрыңғыдай: апелляциялық арыздар ҰБТ нәтижелері жарияланғаннан кейінгі күнгі сағ 13.00-ге дейін қабылданып, бір күнтізбелік күн ішінде қарастырылады. ҚР БҒМ тестілеуге сапалы дайындық жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасап отыр. Үйреншікті түрде, яғни қағаз беттерінде қабылданып келген сынақтық тестілеумен қатар, биылғы жылдың басынан онлайн-тестілеуден өту мүмкіндігі ашылды. Ал маусым айынан бастап бұл қызмет үшін ақы төлеу интернет-банкинг арқылы жүргізу мүмкіндігі (кез келген банк картасы арқылы, комиссиясыз). Айта кететін жайт, экзамен материалдары құпиялықты қамтамасыз ету нұсқаулығының қатаң талаптарымен, 99 мың дана таралыммен басылып, буылған.