Жемқорлықпен күрес – ашық қоғамның ұстанымы

Жемқорлықпен күрес – ашық қоғамның ұстанымы

Жемқорлықпен күрес – ашық қоғамның ұстанымы
ашық дереккөзі
404
«Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында өткен жиын Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болуына байланысты «Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы» тақырыбына арналды. Басқосуда «Нұр Отан» партиясының «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» жобасы аясында әңгіме өрбіді. Алғашқы сөз алған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық құқық кафедрасының доценті Мақсұт Самалдықов БҰҰ конвенциясының негізгі баптарының нормалары туралы жан-жақ­ты әңгімелеп берді. Ол конвенцияның «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары» деп аталатын екінші тарауына айрықша тоқталды. – БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қатысушы әрбір мемлекет үміткерді қызметке қабылдау немесе қызметте көтеру барысында құқықтық жүйенің негізгі қағидаттарына сүйене отырып, тиімділік пен ашықтық қағидасы негізінде жұмыс істеуі тиіс. Бұған қоса, қызметке адалдығы, әділдігі мен қабілет-қарымы тәрізді жайттар ерекше ескерілуі қажет, – деп атап көрсетті доцент Самалдықов. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынас және әлем тілдері университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Зейнәбіл Айдарбеков студенттермен өткізіліп отырған кездесудің мәні мен маңызы қоғамға сыбайлас жемқорлықтың қандай қауіп төндіретінін және оған жол бермеудің жолдарын барынша түсіндіру керектігін атап өтті. Ол Сингапурдың сыбайлас жемқорлықпен қалай күресетіндігінен мысал келтірді. Ғалымның пікірінше, қазіргі жағдайда халықтың билікпен пікір алысуы жүйелі сипат алуы тиіс. Өзара пікір алысу жариялылық және сындарлылық жағдайында өтуі қажет. Басқосуда жастар ұйымдары жетекшісінің орынбасары Бағдат Анарбаева ой-пікірін ортаға салды. – Сыбайлас жемқорлық ел дамуының барлық салаларын – саясаттың, экономиканың, мәдениет пен спорттың даму процесін тежейді. Бұған қоса, жемқорлық пайдалы жұмыстың жоқтығынан жеке тұлғаларды жаппай дағдарысқа ұшыратады. Өркендеген елімнің жас ұрпағы ретінде сыбайлас жемқорлықпен күрестің кілті бізде деп айта аламын. Біз еліміздің барлық ережелеріне, кодексі мен Конституциясына адал болуымыз керек. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды кеңінен насихаттап, барлық тұрғындарға жемқорлықпен күрестің қажеттігін және барлығы да өз қолымызда екендігін дәлелдеуіміз қажет. Біз жемқорлық атты тажалдың тамырына балта шаба аламыз, – деді Бағдат Анарбаева.

Серіктес жаңалықтары