Ақтөбеге Димашты көруге 2 мың қытайлық келеді

Ақтөбеге Димашты көруге 2 мың қытайлық келеді

Ақтөбеге Димашты көруге 2 мың қытайлық келеді
ашық дереккөзі
Димаштың үйін көріп, отбасымен танысуға екі мыңнан астам қытайлық туристер Ақтөбеге келеді. Бұл туралы бүгін Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz. Қытай елінде өткен «Мен - әншімін» байқауында танымал болған жерлесіміз Димаш Құдайбергеннің туып – өскен, білім алған жерін көруге екі мыңнан астам қытай келмекші. Димаштың жанкүйері болып үлгерген аспан асты елінің азаматтары әншінің отбасымен де танысуға ниетті. «Өздеріңіз білетіндей, жерлесіміз Димаш тек Қытайды ғана емес, әлемді мойындатты. Оның арқасында Ақтөбеге келушілердің қатары артты. Арасында Қытай азаматтары көп. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында өтетін Димаштың концертіне дейін немесе одан кейін екі мыңнан астам қытайлық өңірге келеді»,-деді облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлы. Димаш Құдайбергеннің қытайлық жанкүйерлері үшін өңірімізді аралатып, көрікті жерлерді көрсету үшін арнайы туристік маршруттар да әзірленіп жатыр. Оған Ақтөбедегі туристік компаниялар жұмылдырылған. Естеріңізге салайық, Димаш Құдайбергеннің «Бастау» атты шығармашылық кеші Астана қаласында екі аптадан кейін өтеді.