«Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» атты кітап шығады

«Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» атты кітап шығады

«Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» атты кітап шығады
ашық дереккөзі
342
Қазіргі заманғы геосаяси үрдістерді пайымдау әлемдік діндер тарихымен қатар мәдениетаралық және дінаралық диалогты зерттеуді қажет етеді. Алматыда өткен «Ұлы Жібек жолындағы Қазақстан мен Орталық Азиядағы діндер» атты конференцияға қатысушылар осындай пікір білдірді, деп хабарлайды 24.kz. Мамандардың айтуынша, Ұлы Жібек жолы мыңдаған жылдар бойы жетекші әлемдік діндер мен мәдениеттердің толерантты қарым-қатынасының үлгісі болды. Қазір ғалымдар осыған байланысты тарихи монография дайындап жатыр. «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» атты үлкен кітап шығады. Бұл көптеген зерттеудің жемісі. Археологиялық жәдігерлерге сүйене отырып, аймақтағы діндер дамуының 100 жылдық тарихы қамтылады. Жазба деректерінің негізінде жазылған еңбектер көп. Сондықтан археологиялық материалдарға ден қойып отырмыз», - дейді Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының аға ғылыми қызметкері Арнабай Нұржанов.  

Серіктес жаңалықтары