Украинада Георгий лентасына заң жүзінде тыйым салынды

Украинада Георгий лентасына заң жүзінде тыйым салынды

Украинада Георгий лентасына заң жүзінде тыйым салынды
ашық дереккөзі
263
Украина президенті Петр Порошенко елде үлкен талас тудырған Георгий лентасына қатысты тыйым салатын құжатқа қол қойды деп хабарлайды КТК арнасы. Енді бұл елде қара-сары жолақты лентаны тағып жүруге рұқсат жоқ. Ал заң бұзғандарды ірі көлемде айыппұл күтіп тұр. Қасақана қарсылық білдіргендердің жазасы одан да ауыр. Георгий лентасын қасқайып тағып жүргендер 15 тәулікке түрмеден бір-ақ шығуы мүмкін. Өткен айда Рада бекіткен заңға президент қол қойғанымен, Украинада сепаратизмнің белгісі саналып кеткен лентаны қолдаушылар да көп. Дегенмен, жергілікті тәртіп сақшылары тыйым салынған лентаны ардагерлерден де шешіп алып жатыр.

Серіктес жаңалықтары