292
ЭКСПО аумағында Бейбітшілік және келісім аллеясы ашылды
ЭКСПО аумағында Бейбітшілік және келісім аллеясы ашылды
ЭКСПО-саябақ аумағында Қазақстан халқы Ассамблеясының Бейбітшілік және келісім аллеясы ашылды. Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Аллея Ұлы Дала Елi көшесінен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы монументіне дейін созылып жатыр. Ашылу рәсімі аясында этномәдени бірлестіктердің және өнерпаз жастардың театрландырылған шеруі өтті.Сондай-ақ, халықтық-қолданбалы өнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі мен «Алға, Қазақстан!» флешмобы ұйымдастырылды. Форум соңында Мемлекеттік хатшы келушілерді ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуымен құттықтап, бейбітшілік және келісім энергиясының әлемдегі ең таза, ең асыл энергия екенін атап өтті. «Бұл аллея әлемдегі ең таза, ең асыл энергияны - бейбітшілік пен келісім энергиясын шашады. Бейбітшілік және келісім аллеясымен жүріп өткендердің барлығы қонақжай және ақ пейілді қазақ жері жылуының бір бөлшегін өзімен бірге ала кетеді», - деді ол. Айта кетейік, Қазақстанда 39 Достық үйі жұмыс істейді, 100-ден астам ұлыс бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде.