302
Алматыда "қылмыстық топқа қарсы" арнайы операция өтті
Алматыда "қылмыстық топқа қарсы" арнайы операция өтті
Алматыда полиция "ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы" арнайы операция өткізді. Бұл туралы Қазақстандағы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
КТК телеарнасының ақпаратына қарағанда, тінту елдегі "ең ірі зауыттардың бірінде" жасалған. Бұл зауыттың иесін телеарна "қылмыстық топты басқарады, бопсалайды" деп суреттеді. Телеарна сайтында арнайы жасақ сарбаздарының, болжам бойынша, әйнек зауытындағы суреттері жарияланды.
12 маусым күнгі арнайы операцияны, кейбір ақпараттарға қарағанда, ҰҚК, ІІМ және прокуратура қызметкерлері ұйымдастырған. Әзірге арнайы хабарлама таратылған жоқ.
Өткен айдың соңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) ұйымдасқын қылмыстық топтың қызметіне тоқсауыл қойғанын хабарлаған. Әлгі "топтың" бірнеше адамы ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.