Ресейде коррупцияға қарсы митингке қатысушылар жаппай ұстала бастады

Ресейде коррупцияға қарсы митингке қатысушылар жаппай ұстала бастады

Ресейде коррупцияға қарсы митингке қатысушылар жаппай ұстала бастады
ашық дереккөзі
228
Ресейде саясаткер Алексей Навальныйдың жақтастары бүгін коррупцияға қарсы акцияға шықты. Бірақ олар жаппай полиция тарапынан ұстала бастаған. Владивосток орталығында митингке шыққан 11 адам ұсталған. Жергілікті полиция митинг рұқсат етілмеген дейді. Акцияға шығушылар мен ОМОН сарбаздары арасында төбелес орын алды. Билік митинг өткізуге қаланың шетіне рұқсат берген. Бірақ ұйымдастырушылар ол жерге барудан бас тартып, Владивосток орталығына жиналған. Благовещенскіде рұқсат етілмеген акцияға қатысқан төрт адамды ұстаған. Олардың біреуінің қолында "Коррупциясыз Ресей" деген жазу болған. Қазанда жергілікті билік акция өткізуге қаланың шетіне, таңғы сағат 7-ге ғана рұқсат берген. Митингке шамамен 400 адам қатысқан. Коррупцияға қарсы акция Барнаул, Красноярск, Новосибирск және Ұлан-Удэ, Хабаровскіде өтіп жатыр. Алексей Навальный Мәскеу қаласы Сахаров даңғылындағы рұқсат етілген митинг қысымнан өтпей қалуы мүмкін екенін ескертті. Билік оларға дауысұлғайтқыш аппараттарын және видеоэкран қолдануға рұқсат бермеген. Навальный блогында жақтастарын қаланың ортасындағы Тверск көшесіне шығуға кеңес берді. Мәскеу мэрі митингтің орнын өзгерту заң бұзушылық деп атап, заңды бұзғандар қатаң жазаланады деп ескертті. Осының алдында 26 наурызда Мәскеуде коррупцияға қарсы өткен митингке мыңнан астам адам жиналған.  

Серіктес жаңалықтары