Алматыда тегін тіл үйрету курсы ашылды

Алматыда тегін тіл үйрету курсы ашылды

Алматыда тегін тіл үйрету курсы ашылды
ашық дереккөзі
275
 Алматыда тегін тіл үйрету курсы ашылды. Ашық аспан астындағы мектепте ағылшын, орыс және қазақ тілдері оқытылады. Жоба Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы үш тілді меңгеру саясатын іске асыруға арналған. Медеу ауданы әкімдігі ұйымдастырған «Тілдер паркі» атты курс аптасына үш күн жұмыс істейді. Сегіз тіл маманы сабақ береді. Бүгінге дейін курсқа қатысуға 600 адам өтініш берген. Оқушыларға тамыз айының соңында арнайы сертификат беріледі. – Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ресми тіл және ағылшын тілін, яғни халықаралық тілді білуіміз керек. Жас болсын, орта жас болсын, үлкен ата-аналар болсын, оны біліп, меңгеру ешқашанда кеш емес. Сол себептен біз осы таза ауада, жазда балаларымыз компьютердің алдында отырмай, осы тілді меңгерсін, жетік меңгерсін деп шақырамыз, – деді Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев.

Серіктес жаңалықтары