297
Үндістан мен Пәкістан ресми түрде ШЫҰ-ға мүше болды
Үндістан мен Пәкістан ресми түрде ШЫҰ-ға мүше болды
Елордада өтіп жатқан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында Үндістан мен Пәкістан ресми түрде ШЫҰ-ға мүше болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елорданың Тәуелсіздік сарайындағы ұйым саммиті барысында Мемлекет басшылары Үндістан мен Пәкістанды ШЫҰ-ға қабылдау процесін аяқтау және мүше мәртебесін беру туралы тарихи келісімге қол қойды. «Бүгін 2017 жылдың 9 маусымында, Астанада тарихи оқиға болды. Біз ұйымызға кіру үшін барлық міндеттемелерді орындаған екі жаңа мүшені - Үндістан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасын қабылдадық. Осылайша, ШЫҰ іс жүзінде ғаламшар халқының негізгі бөлігін өз құрамына қосу арқылы әлемдік саясат пен әлемдік экономиканың факторына айналды. Өзімнің және сіздердің аттарыңыздан толық құқылы мүше мемлекет ретінде ШЫҰ-ға кіруімен Нарендра Моди м Мухамад Наваз Шарифты құттықтауға рұқсат етіңіздер», - деді Қазақстан Президенті тарихи құжатқа қол қойылғаннан кейін.
Айта кетерлігі, қол қою рәсіміне Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди мен Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Мухамад Наваз Шариф қатысты.