Қарағандыда браконьерлер қорық инспекторларына шабуыл жасады

Қарағандыда браконьерлер қорық инспекторларына шабуыл жасады

Қарағандыда браконьерлер қорық инспекторларына шабуыл жасады
ашық дереккөзі
295
Қарағанды облысында браконьерлер қорық инспекторларына шабуыл жасады. Арнайы экипажға оқ атып, тіпті белгісіз жанғыш затты лақтыру арқылы машиналарын өртеп жіберген. Бұл туралы Ұлытау ауданындағы «Ақбөкен» табиғи қорығының директоры мәлімдеді, деп хабарлайды astanatv.kz.  Игорь Милосердов, «Ақбөкен» табиғи қорығының директоры: - Үш бірдей экипаждың көліктері браконьерлерді үш жақтан қуып жете бергенде, ең жақын келген машинаға екі рет оқ атқан. Артынша терезеден белгісіз зат лақтырған. Соның салдарынан экипаж көлігі өртеніп кетті.  Жанып жатқан көліктің бейнетүсірілімін алматылық кәсіпкер Марғұлан Сейсембай әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады. Қорық қызметкерлері оқиғаның бүгін таңертең болғанын айтты. Көліктегі видеотіркегіш пен камера түгелдей жанып кеткен. Салонда болған бір қарағандылық, екі алматылық инспектор сыртқа шығып үлгереді. Олар бұзақылардың сұр түсті шетелдік көлік мінгенін, бірақ оның мемлекеттік нөмірі жоқтығын айтқан. Бұл деректерді алға тартқан қорық басшылығы ІІД-не арызданды. Қазір тергеп-тексеру басталды. Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы: - Машина өзі өртенді ме, әлде жаңағы бұзақы топтың тарабынан оқ атылды ма және жарылғыш зат лақтырылды ма, оның барлығы тергеу барысында анықталатын болады. Қазіргі уақытта оқиға болған жерге Ұлытау аудандық ішкі стер бөлімінің қызметкерлері жіберілді. Бұл оқиға Қарағанды облыстық ІІД жеке бақылауына алынды. 

Серіктес жаңалықтары