Елордаға Испания королі келді

Елордаға Испания королі келді

Елордаға Испания королі келді
ашық дереккөзі
261
Бүгін шымылдығы түрілетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ресми ашылу салтанатты шарасына қатысу үшін елордаға Испания королі Филипп VI келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Халықаралық мамандандырылған көрменің салтанатты ашылу рәсіміне 17 елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысатын болады. «Шанхай ынтымақтастық ұйымы отырысы аяқталғаннан кейін ЭКСПО-ның салтанатты ашылуы болады. Біз ашылу салтанатына 17 елдің мемлекет және үкімет басшыларын күтіп отырмыз. Мұнан бөлек, қатысушы елдердің атынан заңнамалық органдардың өкілдері, министрлері қатысатын болады. Қазіргі уақытта бізде осындай нақтыланған мәлімет бар», - деген еді еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов. Қазіргі уақытқа дейін Астанаға Сербия Президенті Александр Вучич, Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттель келген еді. Сонымен қатар, елордаға Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне  қатысу үшін Ауғанстан Президенті Ашраф Гани Ахмадзай, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев,  Пәкістан Президенті Мамнун Хусейн, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев келді. ШЫҰ саммиті барысында Пәкістан мен Үндістан аталған ұйымға мүшелікке қабылданады деп күтілуде. Осылайша, ШЫҰ жер тұрғындарының 40 пайызын, әлем экономикасының шамамен үштен бірін қамтитын болады. Бүгінде ұйымға Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері мүше. Қазіргі уақытта ШЫҰ төрағасы - Қазақстан. Бүгінгі саммит барысында төрағалық Қытай тарапына өтеді.  

Серіктес жаңалықтары