ЖаңалықтарЖаһанСаясат

Түркіменстанда енді газ бен су тегін берілмейді

Түркіменстанда енді газ бен су тегін берілмейді. Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов мұра ретіндегі электр энергиясы, су мен табиғи газды енді халыққа тегін бермейтін болды, бұл дегеніңіз жергілікті жұртшылықтың бұл жүйемен қоштасуына тура келеді, деп хабарлайды “The Qazaq Times” Reuters-ке сілтеме жасай отырып.

Мұндай ақпаратты елдің жергілікті БАҚ өкілдері үкіметтің қаржылық қиындықтарға тап болуымен байланыстырып отыр. Түркіменстанның 5,5 млн халқы осы күнге дейін, яғни 24 жыл бойы табиғи газ бен электр қуатын шектеулі болса да тегін пайдаланып келген. Ал 2014 жылға дейін бензин тегін болған (айына 120 литр).

TDH мемлекеттік ақпарат агенттігінің мәліметінше, Түркіменбашы Үкімет отырысы кезінде «әлеуметтік жеңілдіктерді ұсынудың тиімсіз екенін, алдағы уақытта бұл жеңілдіктерге тек шын мұқтаж жандар ғана ие болатынын» айтқан. Түркіменстанның табиғи газын ең көп тұтынантын Ресей 2016 жылдан бастап көгілдір отынды сатып алуды тоқтатқан соң елдің экспорты айтарлықтай қысқарды.

Ал 2016 жылдың желтоқсанында Иран Ашхабадпен төлем жүйесіне байланысты болған кикілжіңнен соң түркімендіктердің газын сатып алмаған. Нәтижесінде Түркіменстанның газын тұтынатын жалғыз ел Қытай болып қалды. Бұл ел жылына 35-40 млрд кубметр газ сатып алады. Халықаралық валюта қорының болжамына сенсек, Түркіменияның мемлекеттік бюджетінің тапшылығы соңғы үш жылдан бері ЖІӨ-нің 0,7%-ын құрайды. Ал мемлекеттік кіріс осы жылы ЖІӨ-нің 12,4%-ын құрауы мүмкін. Дегенмен бұл 2014 жылмен салыстырғанда 17,9%-ға төмен. Бұл кезде газ экспортының көлемі өте жоғары болған.

 

Back to top button