ЭКСПО кезінде Астанада түрік фильмі тегін көрсетіледі

ЭКСПО кезінде Астанада түрік фильмі тегін көрсетіледі

ЭКСПО кезінде Астанада түрік фильмі тегін көрсетіледі
ашық дереккөзі
17 маусым күні Астанада Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы, Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен «Егер ұмытсам, сыбырла» атты түрік фильмін тегін көрсетеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Фильм апалы-сіңлілі Хатидже және Ханифенің өмірінің желісі бойынша өрбиді. Измир қаласында түсірілген киноның режиссері - Чаган Ырмак.  - Фильм Түркияда көптеген марапаттарға лайық деп танылған: 47. SİYAD - «Кино сценаристері қауымдастығының жүлдесі». «Егер ұмытсам, сыбырла» әнін жазған Кенан Догулуға «Фильмдердегі ең үздік музыка» жүлдесі берілген. Ал көркемдік жетекшісі Сойдан Куш «Ең үздік көркем фильм» жүлдесін жеңіп алған. Фильмдегі рөлдердің бірін Қазақстанға белгілі актер Мехмет Гунсур ойнайды. Көрермендер оны «Керемет ғасыр» сериалы арқылы таниды. Онда ол Шехзаде Мустафаның рөлін сомдаған болатын, - дейді көрсетілімді ұйымдастырушылар. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары «Егер ұмытсам, сыбырла» фильмін 17 маусымда сағат 17:00-де «Керуен» СОСО №4 кинопаркінен тамашалай алады.