Астанада ШЫҰ саммиті басталды

Астанада ШЫҰ саммиті басталды

Астанада ШЫҰ саммиті басталды
ашық дереккөзі
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері басшыларының саммиті ашылды. Қазақстан билігі негізгі шараларды бүгінге, яғни, 9 маусымға белгіленген бұл саммитті "тарихи оқиға" деп атады. Саммитте ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістан ұйымның толыққанды мүше болып қосылады деп жоспарланған. Саммиттің қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа, оның ішінде Астана декларациясына қол қою жоспарланып отыр. ШЫҰ құрамында қазір Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан бар. 7 маусымда Астанаға ШЫҰ-ның жоғарғы органы - Мемлекет басшыларының кеңесіне қатысуға Қытай президенті Си Цзиньпин келді, бүгін Ресей президенті Владимир Путин келмек. Екі президент те Астанадағы халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына қатысады деп күтіліп отыр.