487
Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 72,3 жасқа жетті
Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 72,3 жасқа жетті
Биыл қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 72,3 жасқа жетті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған брифингте ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева айтты, деп xабарлайды Baq.kz.
“Биыл қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 72,3 жасқа жетті. Дегенмен негізгі мақсат – Қазақстанда 2020 жылға дейін орта жас ұзақтылығын 73 жасқа жеткізу. Ана өлімі 10 жылда 3,5 есе азайды. Нәресте өлімі тек бір жылдың ішінде 7-8 %-ға төмендеді. Жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім мен ауру деңгейі төмендеді. 2015 жылмен салыстырғанда қатерлі ісікпен ауыру және осы ауру түрлерінен болатын өлім-жітім азайды. Он жылда жазатайым оқиғадан, жарақат пен уланудан болатын өлім-жітім екі есеге төмендеді. Бұл құрғақ цифрлардың артында ақxалаттылардың ерен еңбегі, маңдай тері жатыр”, - дейді Ажар Төлеғалиева.
Оның мәліметінше, бүгінде медицина саласында 53 335 дәрігер жұмыс істейді, соның ішінде алғашқы медициналық санитарлық көмек саласында 8621 дәрігер, жедел жәрдем қызметінде 2000 дәрігер, ауруxаналарда 16 800 дәрігер еңбек етеді. Олармен қоса 141 700 мейірбике жұмыс істейді.
“Бір күнде 500 мың қазақстандық дәрігердің көмегіне жүгінеді. Күніне 7900 адам ауруxаналарда ем қабылдайды. Күн сайын 1100 әйел ана атанады, xирургтер бір тәулікте 2200 науқасқа ота жасайды. Жедел жәрдем бір күнде 20 700 реттен астам жолға шығады”- деп атап өтті ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева.
Айта кетсек, биыл елімізде Медицина қызметкері күні “Кәсібіңе басымды ием” ұранымен өтеді.