SmartAstana қосымшасын 100 мыңға жуық тұрғын пайдаланады

SmartAstana қосымшасын 100 мыңға жуық тұрғын пайдаланады

SmartAstana қосымшасын 100 мыңға жуық тұрғын пайдаланады
ашық дереккөзі
Smart Astana мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасында 12 категория бойынша 30-дан астам қажетті сервис түрлері: мемлекеттік және қалалық қызмет, денсаулық сақтау, білім беру, ТКШ, қоғамдық көліктер, туризм, коммерциялық қызмет, ойын-сауық, қаладағы жаңалықтар мен шаралар туралы хабарландырулар, белсенді тұрғын сынды көптеген пайдалы виджеттер енгізілген. Бұл туралы мобильді қосымшаның жаңа нұсқасын ресми таныстыру барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова хабарлады. ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесі қарсаңында Smart Astana қосымшасын мейлінше жаңартуға тырыстық. Android және IOS платформасын қолданатындар үшін қосымша үш тілде қол жетімді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін аса маңызды, негізгі 12 категория бойынша қосымшаның жаңа нұсқасын әзірледік, - деді Малика Бектұрова.   Құрастырушылардың айтуынша SmartAstana қосымшасын 100 мыңға жуық белсенді тұрғын пайдаланады, демек, қолданушылар тарапынан қосымшаға сұраныс жоғары әрі көп функционалды сервистің пайдасы мол. Таныстырылым барысында құрастырушылар мобильді қосымшаның барлық қызметін қалай пайдалану керектігін көрсетті: жылдам жүктеп алу, қолжетімді ас мәзірі, қажетті бөлімді таңдау және басқа да қызмет түрлерін тез пайдалану мүмкіндігі. Құрастырушылар тұрғындардың ой-пікіріне аса мән берді. – «Белсенді тұрғын» деп аталатын тарауда қалалық сервистердің жұмысына қатысты, қоғамдық көліктер сынды өзекті мәселелер бойынша тұрғындар әлеуметтік сауалнамаларға қатыса алады. Осы аптада тағы бір жаңа тарау пайда болады, «Виртуалды дүкен» деп аталатын бөлімде әлеуметтік сауалнамаларға белсенді ат салысқан тұрғындар ынталандырылатын болады. Барлық балдар жеке кабинетте топтастырылады, кейін қолданушы виртуалды дүкенде белгілі бір тауар кезінде оны пайдалана алады, - дейді Малика Бектұрова. Astana Innovations компаниясы басқармасының төрағасы Олжас Сартаевтың айтуынша жаңартылған нұсқаны дайындауға жарты жыл уақыт кеткен әрі Дубай мен Мәскеудің тәжірибелері қолданылды. Қосымшаның жаңартылған нұсқасы 15 млн теңге. Жаңартылған нұсқаның мүмкіндігі кең. Айталық, астаналықтар «109» қызметіне өтінімді «Фейсбук» және «Телеграм» қосымшаларының чат-боттары арқылы жібере алады. Оның артықшылығы сонда қосымшаның орнатпай-ақ «Фейсбук» немесе «Телеграмм» чат-ботына тіркелсеңіз жеткізілкті немесе «Фейсбук» парақшасына жазылуыңыз қажет. Бұдан бөлек, қолданушылар жеке кабинет арқылы өз үндеулерін басқара алады, қаладағы жаңалықтар туралы бірінші біліп, түрлі сауалнамаларға қатысады әрі push-хабарландыруларды уақытында алу мүмкіндігіне ие. Жыл соңына дейін барлық категориялар жаңа қызмет түрлерімен толығады. Сонымен қатар қосымшаға «е-КСК», «е-билет», «смарт-медицина» сынды көптеген қызмет түрлері де біріктірілмек. SmartAstana қосымшасы