Елбасы ШЫҰ мемлекеттерінің қорғаныс министрлерімен кездесті

Елбасы ШЫҰ мемлекеттерінің қорғаныс министрлерімен кездесті

Елбасы ШЫҰ мемлекеттерінің қорғаныс министрлерімен кездесті
ашық дереккөзі
268
Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлерімен кездесті. Кездесуде Елбасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында басқосып отырғанының маңыздылығын атап өтті.  Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай хартиясы қабылданған сәттен бері 15 жыл өткеніне және осы уақыт аралығында бірлескен ауқымды жұмыс атқарылғанына назар аударды. Шанхай ынтамақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің  алдағы отырысында ірі екі ел – Үндістан мен Пәкістанды ұйым мүшелігіне қабылдау көзделген. Сол арқылы ШЫҰ жер шары тұрғындарының 40% -ға жуығын біріктіреді. Ең бастысы – барлық мәселелерді консенсус арқылы шешуге негізделген «шанхай рухын» сақтау, – деді Мемлекет басшысы. – Шанхай ынтымақтастық ұйымының оң динамикасы қазіргі уақытта «Жаңа Жібек жолы» бағдарламасының дамуымен байланысты болып отыр. Бұл бағдарламаға ұйым мүшелерінің барлығы, ең алдымен, Қытай Халық Республикасына жақын көрші болып табылатын Қазақстан қолдау көрсетуде, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Кездесуге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі С.Жасұзақов, Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі Чан Ваньцюань, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі С.Шойгу, Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрі М.Шерали, Өзбекстан Республикасының Қорғаныс министрі К.Бердиев, Қырғыз Республикасы Бас штабының бастығы Р.Дуйшенбиев, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Р.Алимов қатысты.

Серіктес жаңалықтары