341
Әділет министрлігі Мақсат Үсеновтің шетелге шығуын түсіндірді
Әділет министрлігі Мақсат Үсеновтің шетелге шығуын түсіндірді
ҚР Әділет министрлігі Мақсат Үсеновтің шетелге шығуына болатынын түсіндірді. Мәлімдемеге сәйкес, қарызы бола тұра бұл азаматтың шетелге шығуына ешқандай кедергі жоқ.
ҚР Әділет министрлігіндегілер Мақсат Үсеновтің қарызы бола тұра елден кетуге тыйым салынған азаматтардың тізімінде неліктен жоқ болғанын түсіндіріп берді, - деп хабарлады Tengrinews.kz.
"Оны елден кетуге тыйым салынған заматтардың тізіміне қосу үшін оның үстінен сотқа арыз түсуі керек. Сот шешімінің негізінде сот орындаушылары атқару өндірісін қозғайды. Сот орындаушыларында сот шешімі болмағандықтан, Үсенов елден шығуға уақытша тыйым салынған азаматтардың тізіміне қосылмады", - деді Әділет министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетейік, 4 маусымда Мақсат Үсеновті Бангкок полициясы ұстап әкеткен болатын. Бұл туралы Facebook желісінде Павел Коктышев есімді қолданушы жазды. Куәгер Үсеновтің ұшақ бортында шылым шеккенін және жұрттың мазасын алғанын жазған болатын. Ал кейінірек Мақсат Үсеновтің ұшақ бортында қандай заң бұзғаны анықталды.