728
Қазақстан халқының табиғи өсімі азайған
Қазақстан халқының табиғи өсімі азайған
Өткен жылмен салыстырғанда биылғы 4 айда еліміздегі халық саны 1,4 пайызға, яғни 241 мың бір жүз адамға өскен. Бірақ соған қарамастан халықтың табиғи өсімі 2016 жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 7,4 пайызға аз, деп хабарлайды almaty.tv.
Ұлтық экономика министрлігінің мәлімдеуінше, 1 мамырға дейін еліміздегі халық саны 17 миллион 994 мың 200 адам. Олардың 10 мың 345-і қалада тұрса, ауыл тұрғындары 7 миллион 649 мың адам. Өзге елден 5888 адам тұрақты көшіп келсе, 7727 адам елден біржолата кеткен екен. Биылғы жылдың соңғы төрт айында республикада 1 жасқа дейінгі 1054 нәресте өлімі тіркелген.