Путин Катар әмірін дағдарысты реттеу үшін диалогқа шақырды

Путин Катар әмірін дағдарысты реттеу үшін диалогқа шақырды

Путин Катар әмірін дағдарысты реттеу үшін диалогқа шақырды
ашық дереккөзі
279
Ресей президенті Владимир Путин Катар әмірі Тамим Бен Хамад әл Таниді Парсы шығанағындағы дағдарысты реттеу үшін дипломатиялық шешімге шақырды. Катар лидерімен телефон арқылы сөйлескен кезде Путин Мәскеу мен Доха арасындағы сауда және экономикалық қарым-қатынас тақырыбына да тоқталған. Осының алдында АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон да араб елдерін бірлікке шақырған. Оның сөздерінше, Катардың оқшауланып қалуын үстел үстінде шешу қажет. Құрама Штаттар президенті Дональд Трамп Катардың оқшауланып қалуын "терроризм соңының басы" деп атаған. 5 маусымда Египет, Сауд Арабия, Біріккен Араб Әмірлігі, Бахрейн және Ливия Катармен дипломатиялық қарым-қатынасты үзген. Араб лидерлерінің мәлімдеуінше, Доха радикалды исламшылдар мен Иранға қолдау көрсетіп келген. Катар билігі болса, өздеріне қарсы айыптауларды негізсіз дейді.  

Серіктес жаңалықтары