209
Грузияда конституцияға өзгерістер енгізуді талқылап жатыр
Грузияда конституцияға өзгерістер енгізуді талқылап жатыр
Грузия парламенті ел конституциясына даулы түзетулер енгізу жобасын талқылайды. Парламент спикері Ираклий Кобахидзе 5 маусымда іс басындағы "Грузия арманы" партиясы ұсынған түзетулер жобасы парламент комитетінде осы аптада талқыланатынын айтты.
Мамырдың 15-і күні Тбилисиде көпшілігі жастар, жүздеген адам түзету жобасын қоғамдық талқылауға кедергі келтірген. Олар елде президентті жалпыхалықтық дауыс беру арқылы сайлауды парламент депутаттарының сайлауына өзгертуге, сайлауда жеңген партияның сайлаудан соң парламенттегі орындарды қайта бөлу арқылы көпшілік орынға ие болуына қарсылық танытқан. Наразылар сонымен қатар шетелдіктерге жер сатуды рұқсат беруге де қарсы.
Кобахидзе өзгерістер жобасы осы айда пленарлық сессияда екі рет талқыланғанын, үшінші рет енді парламенттің күзгі сессиясында талқыланатынын айтты.
Конституциялық өзгерістер жалпыхалықтық талқылауға мамыр айында ұсынылған.