Лондон: Ұсталғандар неге босатылды?

Лондон: Ұсталғандар неге босатылды?

Лондон: Ұсталғандар неге босатылды?
ашық дереккөзі
Лондонда ұсталғандар неге босатыды? Ұлыбритания полициясы Лондон көпірінде болған шабуылға қатысты ұсталған 12 адамға айып тақпастан, босатқан. Олардың бәрі Лондонның Баркинг ауданының тұрғындары. Ұлыбритания полициясының мәліметіне қарағанда, 3 маусымда болған шабуылды 27 жастағы Курам Батт пен 30 жастағы Ричард Редуэйн жасаған. Үшінші жанкештінің аты-жөні әлі айтылмады. Батт - Пәкістанның тумасы, Британия азаматтығы болған, осыған дейін құқық қорғау органдарына белгілі болған. Редуэйннің (Рашид Эльдар деп те аталған) ливиялық және мароккандық азаматтығы болған. Британдық Sky News телеарнасының хабарлауынша, көліктерінде жарылғыш затқа қолданатын он шақты бөтелке сұйықтық болған. Қазір оларға сараптама жүргізіп жатыр. 3 маусымда Лондон көпірінде фургон жаяу өтіп бара жатқан адамдарды басып өткен. Көліктегі үш адамды полиция өлтірген. Нәтижесінде жеті бейбіт тұрғын қаза тауып, ондаған адам жараланған. Олардың дені ауруханада жатыр. «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы шабуылды мойнына алды.