357
Қазақстанға шетелден жиі ақша аударылады
Қазақстанға шетелден жиі ақша аударылады
Қазақстанға шетелден жиі ақша аударылады. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айында транзакция саны 311,6 мыңды құраған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 19,8%-ға немесе 51,6 мыңға артық, деп мәлімет келтіреді Ranking.kz.
Алғашқы төрт айда Қазақстанға аударылған ақша аударымдары 56,2 млрд теңгені құраған және бұл өткен жылға қарағанда 26,9%-ға немесе 11,9 млрд теңгеге артық. Осылайша, бір транзакция үшін аударылған қаржының орташа сомасы 5,9%-ға өсіп, 180,5 мың теңге болған. Сондай-ақ, шетелден Қазақстанға Золотая корона және Western Union жүйесі арқылы жиі ақша аударылған.
Нарықтағы үлесі 65,9%-ды құрайды. Золотая корона жүйесі арқылы аударылған аударымдар 24,6 млрд теңгені құрады және бір жыл ішінде 24,7%-ға немесе 4,9 млрд теңгеге артқан. Ал Western Union жүйесіндегі аударымдар үлесі 12,5 млрд теңге және өткен жылмен салыстырғанда 27,6% немесе 2,7 млрд теңгеге жоғары.
Жалпы осы жылдың наурызында шетелден Қазақстанға 21,5 млрд теңге аударылған. Ақпан айымен салыстырғанда көрсеткіш 19,6%-ға немесе 3,5 млрд теңгеге жоғары. Транзакция саны бір айда 20,1%-ға немесе (19,9 мың ), 118,7 мыңға дейін артты.