Белгілі журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы “Балапан” телеарнасының басшысы қызметінен кетті. Енді оның орнын Жанар Шәмел басты. Бұл туралы журналист Арман Сқабылұлы Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
“Балапанның” басшысы ауысып, Лəйлə Сұлтанқызының орнына Жанар Шәмел ханым келіпті. Бұл ауыс-түйістен де көп үміт күтеміз. Сонымен атқа мінгендерді құттықтап, түскендерге сабыр тілейміз”, – деп жазды автор.
Айта кетейік, еліміздегі тұңғыш балаларға арналған телеарна 2010 жылдың 27 қыркүйегінде құрылған еді. Ал Ләйлә Сұлтанқызы 2012 жылдың 4 мамырынан бастап аталған телеарнаны басқарды.