Етті бізден де көп жейтін елдер бар

Етті бізден де көп жейтін елдер бар

Етті бізден де көп жейтін елдер бар
ашық дереккөзі
448
Етті қазақстандықтардан көп жейтін елдер белгілі болды. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов қазақстандықтардың жыл сайын қанша келі ет жейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бірінші орындарда Люксембург пен АҚШ келе жатыр. Бұл елдерде 100 келіден асады, халықтың жан басына шаққандағы көрсеткіші - 130 келі. Қазақстанда әрбір азамат жылына 56 келі ет жейді. Яғни біз қалып отырмыз, бірінші орында емес, тіпті екінші орында да емеспіз", - деді Руслан Дәленов.  Қазақстанда, оның айтуынша, орташа өмір сүру ұзақтығы 1991 жылы 67 жас болса, 2016 жылы 72 жас болған. Туу көрсеткіші жоғары өңір - Маңғыстау облысы - 31,15 адам (1000 адамға промиллемен есептегенде). Ал туу көрсеткіші төмен өңір - Солтүстік Қазақстан облысы - 13,57 адам (1000 адамға промиллемен есептегенде).  2016 жылы туғандардың саны 400 482, ұл бала - 207 118 және қыз бала - 193 364.  2017 жылдың сәуірінде туғандардың саны - 29 099, олардың 15 125-і ұл, 13 974-і қыз балалар.  Сонымен қатар, 2017 жылдың сәуірінде ең көп қойылған есім қыздар арасында - Айзере (437), Айару - 398 және Раяна - 319, ал ұл балалар арасында Әлихан - 279, Айсұлтан (260) және Нұрислам - 217.

Серіктес жаңалықтары