Лондон полициясы теракт жасаған күдіктілердің есімдерін атады

Лондон полициясы теракт жасаған күдіктілердің есімдерін атады

Лондон полициясы теракт жасаған күдіктілердің есімдерін атады
ашық дереккөзі
Британиялық полиция Лондонда 3 маусымдағы шабуылды жасаған екі күдіктінің есімдерін атады. 27 жастағы Курам Батт, екі баланың әкесі, отбасымен бірге бірнеше жыл бойы Лондонның шығысындағы Баркин ауданында тұрған. Ол Пәкістаннан көшіп келген, Ұлыбритания азаматтығын алған. Лондон полициясының мәліметі бойынша, Батт құқыққорғау органдары мен MI5 агенттігіне бұрын таныс болған. Екінші күдіктінің есімі - Ричард Редуэйн, 30 жаста. Ол Рашид Эльхдар есімімен де белгілі болған. Рэдуэйннің қос азаматтығы болған - ливиялық және марокколық. Лондон полициясының өкілі шабуылға қатысқан үшінші кісінің кім екені анықталып жатқанын мәлімдеді. Бұл үшеуін де полиция Лондон көпірі мен Бороу Маркет базарындағы шабуылдан бірнеше минуттан соң атып өлтірді. Теракт салдарынан жеті адам қаза тапты, ондаған адам жараланды, олардың көбі әлі ауруханада жатыр.