300
Қазақстан мен Үндістан ғарыш саласындағы жобаларды бірлесіп дамытпақ
Қазақстан мен Үндістан ғарыш саласындағы жобаларды бірлесіп дамытпақ
Үндістандағы ҚР Елшілігінің қолдау көрсетуімен Бангалор қаласында (Үндістан) ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Аэроғарыш комитетінің (Қазғарыш) төрағасы орынбасары м.а. Мәлік Олжабековтың бастаған Қазғарыш делегациясының кездесуі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы тілшісі.
Жұмыс сапары аясында қазақстандық делегация Үндістан ғарыштық зерттеулер ұйымының («ISRO») басшылығымен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар 2009 жылы қол қойылған ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Сонымен қатар, тараптар өздерінің ғарыш бағдарламаларын ұсынды және аэроғарыш өнеркәсібін дамыту аясында ынтымақтастықтың сондай бағыттары бойынша ұсыныстар талқыланды: ғарыштық байланыс жүйелері; зымыран-тасығыштар және ғарыш зымыран кешендері; Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйелері; шағын спутниктерді әзірлеу; ғарыш техникасы компоненттерін әзірлеу. Сондай-ақ, Бангалор қаласында қазақстандық делегация «ISRO» Спутниктерді интеграциялау және тестілеу ұйымына және «ISRO» Телеметрия, бақылау және басқару станциялап желісіне барды және қызметімен танысты.