454
Квебек тұрғыны лотереядан $41 млн ұтып алды
Квебек тұрғыны лотереядан $41 млн ұтып алды
Канаданың шығысындағы Квебек провинциясының тұрғыны Lotto Max танымал ұлттық лотереядан 55 млн Канада долларын ($40,7 млн) жеңіп алды.
Елде ондаған осындай ойындар өткізетін Atlantic Lottery қауымдастығының өкілі хабарлағандай, аяқ астынан мол олжаға кенелген адамның аты-жөні әзірге айтылмайды. 64 млн Канада доллары (сол кезде $49,5 млн) көлеміндегі Канада тарихындағы ең ірі джекпот 2015 жылдың қазан айында "6-дан 49" лотереясында ойнатылған еді.