Кабулда жарылыстардан 12 адам қаза тапқан

Кабулда жарылыстардан 12 адам қаза тапқан

Кабулда жарылыстардан 12 адам қаза тапқан
ашық дереккөзі
121
Ауғанстан астанасындағы зиратта болған үш жарылыс салдарынан 12 адам қаза тауып, отызға жуық кісі жараланды деп хабарлайды Reuters. Зираттағы жарылыстар Кабулда жұма күні қақтығыстар кезінде мерт болғандардың бірін жерлеу кезінде жасалған. Маусымның 2-і күні үкіметті сынап, биліктен елде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және министрлерді отставкаға жіберуді талап етіп шеруге шыққандарға полиция оқ атқан. Салдарынан шеруге қатысушы бес адам өлген. Мамырдың 31-і күні Кабулдағы Германия елшілігі жанында жанкешті автокөлікті жарып, 80-нен астам адам қаза тапқан, 300-ден аса адам жараланған. Кейін бұл шабуылға жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алған.

Серіктес жаңалықтары