Ескі үлгідегі елтаңбалар бір ай ішінде ауыстырылуы шарт

Ескі үлгідегі елтаңбалар бір ай ішінде ауыстырылуы шарт

Ескі үлгідегі елтаңбалар бір ай ішінде ауыстырылуы шарт
ашық дереккөзі
1253
Павлодар облысында 1-шілдеге дейін барлық мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдар ескі үлгідегі елтаңбаны ауыстыруы қажет, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Әлібаев мәлім етті. «Қазіргі таңда ұлттық стандарттарға сәйкес мемлекеттік рәміздерді шығару мен оларды пайдалану ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады», - дейді Айбек Әлібаев. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 2014 жылдың мамырында ҚР СТ 989 - 2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» ұлттық стандартын бекітті. Жаңа стандартқа сәйкес Елтаңба бедеріндегі әрбір бөлшектің атауы мен өлшемі нақтыланды. Біртекті бақылау тәртібі енгізілді. Тағы бір ерекшелігі - 3D нұсқасы. Бұл барлық өлшемдерін дәл шығарып береді. Спикердің айтуынша, департамент 2015 жылдан бері облыстық ішкі саясат басқармасы бірге барлық мемлекеттік мекемелерді аралап, аудандар мен қалалардың әкімдеріне осы мәселеге қатысты хат жолдаған. Бұдан кейін барлық мемлекеттік мекемелер, әкімдіктер бюджетке қаражат жоспарлауы тиіс болған. Бүгінгі таңда көптеген ұйымдар мен мекемелер жаңа стандартқа сай Елтаңбаларын ауыстырған. «2017 жылдың басынан қаладағы және Шарбақты ауданында мемлекеттік рәміздерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде 80 мекеме тексеріліп, өрескел бұзушылықтар анықталмады.  Мемлекеттік Тулар мен Елтаңбаларды сатып алуға лицензиясы бар кәсіпорындар ғана мемлекеттік сатып алу арқылы қатыса алады. Павлодар облысында мұндай қызмет түрімен «Әсел жарнама» ЖК айналысады. Ұлттық стандарттар сақталмаған жағдайда айыппұл салынады», - дейді Айбек Әлібаев.  

Серіктес жаңалықтары