262
Трамптың "басы кесілген" видеосын жариялаған журналист келісімшарттан қағылды
Трамптың "басы кесілген" видеосын жариялаған журналист келісімшарттан қағылды
CNN телекомпаниясының әзіл-қалжың шоуының танымал жүргізушісі Кэти Гриффин АҚШ президенті Дональд Трамптың "басы кесілген" видеоны жариялағаны үшін келісім-шарттан айырылды, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
CNN телекомпаниясы бұл көріністі "жиіркенішті және қорлаушы" деп атап, бұл жылы Гриффинді Жаңа жылда Нью-Йоркте өтетін Таймс-скверге шақырмайтынын мәлімдеді. Нью-Мексико штатының казиносы да 22 маусымда өтуге тиіс Гриффин кешінен бас тартты.
Гриффин жариялаған видеоға қатысты Трамп Твиттерге "осы үшін оған ұят болу керек" деп жазды. Бірінші леди Мелания Трамп "Ана, әйел және адам ретінде бұл суреттер өте қорқынышты. Бүгін сіз әлемде болып жатқан небір хайуандық әрекеттерді қарап, осыны жасаған адамның есі дұрыстығына күмән келтіресің" деп мәлімдеді.
Гриффин сейсенбі күні қалжың ретінде жариялаған видеосының шын мәнінде күлкі тудырмайтынын мойындап, кешірім сұраған.