Министр талапкерлерді ҰБТ-ға шпаргалкасыз дайындалуға үндеді

Министр талапкерлерді ҰБТ-ға шпаргалкасыз дайындалуға үндеді

Министр талапкерлерді ҰБТ-ға шпаргалкасыз дайындалуға үндеді
ашық дереккөзі
327
ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев талапкерлерді ҰБТ-ға шпаргалкасыз дайындалуға үндеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрдің айтуынша, оқу сауаттылығы элементтері бар жаңа тапсырмалар талапкерлерге шпаргалка қолдануға мүмкіндік бермейді. "Биыл тест тапсырмалары 20 пайызға өзгерді. Оқу сауаттылығы пайда болды. Мәтінді оқып, сұраққа жауап беретін кезде мәтіннің қандай болатынын білмейсің - себебі әр жағдайда мәтін әрқандай. 11 жыл ішінде оқушы көп оқып, дайындалуы тиіс, сонда ғана оқып, түсінуге болады", - деді министр. "Осылайша ҰБТ-ға дайындалып бару қиын, ҰБТ-ға шпаргалка әкелудің қажеті болмайды, себебі шпаргалкада осыншалықты көп материал болуы мүмкін емес", - деді Сағадиев. Оның сөзінше, емтихан тапсыру кезінде басқа білім қажет болады. "Математикалық тапсырмаларды жақсы шешу керек, жақсы оқу керек, мықты логикаң болуы тиіс. Мұны біз кейін де енгізе беруді жоспарлап отырмыз", - деді Ерлан Сағадиев.

Серіктес жаңалықтары