Балаларға қуаныш сыйлаған азамат

Балаларға қуаныш сыйлаған азамат

Балаларға қуаныш сыйлаған азамат
ашық дереккөзі
287
Бүгін 1 маусым – Халықаралық балалар мерекесіне орай Бәйдібек аудандық «Қоғамдық келісім және жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен "Психологиялық – педогогикалық түзету кабинетінде" тәрбиеленетін бүлдіршіндер Шымкент қаласындағы жануарлар бағына барып серуендеп қайтты. Осы қайырымды істің демеушісі Бәйдібек ауданының азаматы, облыс көлемінде демеушілік жасап, елдің алғысын алып жүрген "Бал Текстиль" ЖШС-ның бас директоры Талғат Ысқақов мырза. Балаларға мереке күні қуаныш пен шаттық сыйлаған Талғат Ысқақовқа бүлдіршіндердің және ата-аналардың алғысы шексіз. Әр адам күн сайын   бүлдіршіндерге қамқорлық жасап, қуанышқа бөлесе, бұдан артық сауап бар ма?! Бәйдібек аудандық "Қоғамдық келісім және жастар ресурстық орталығы" КММ-сі осы аталған іс шараларға қол ұшын беріп демеушілік көрсеткен барлық азаматтарға үлкен алғыс айтады.

Серіктес жаңалықтары