Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан Барысынан» өз еркімен бас тартты

Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан Барысынан» өз еркімен бас тартты

Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан Барысынан» өз еркімен бас тартты
ашық дереккөзі
698
 Биылғы «Қазақстан Барысының» финалдық белдесуінен Бейбіт Ыстыбаев өз еркімен бас тартты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Сәрсен Құранбек мәлім етті. Осымен жетінші мәрте жалауы желбірегелі отырған қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирінің финалына жолдама алған балуандар толығымен анықталды. Біз дәстүр бойынша алдымен ауылдық, аудандық, одан кейін облыстық белдесулерден іріктеліп шыққан балуандарға ғана финалдық айқасқа жолдама бердік. Енді, шілденің 2-сі күні еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларында жеңімпаз атанған 34 балуанның ішіндегі ең мықтысын, яғни  «Қазақстан Барысы-2017» атағының иегері кім болатынын елорда тұрғындары мен қала қонақтары өз көздерімен көретін болады. Мүмкін биыл жаңа чемпион шығып қалуы да ғажап емес. Үш рет «Қазақстан Барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев биыл өз еркімен турнирге қатысудан бас тартты. ҚР Қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Сәрсен Құранбектің айтуынша, Ыстыбаев үш дүркін «Қазақстан Барысы» атансам болды деп алдына мақсат қойған. "Сол дегеніне қол жеткізді. Алғаш рет 2012 жылы чемпион атанса, араға екі жыл салып, 2015 және 2016 жылдары қатарынан бас белдікті қанжығасына байлап, үш дүркін жеңімпаз атағына қол жеткізді. Биыл демалайын деген болу керек. Бұл турнирге қатысу-қатыспау әр балуанның өз еркі", - деді.  

Серіктес жаңалықтары